Әрекет тізбегін көрсет

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
Сабақтың типі: Игерілген білімді бекіту сабағы
Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйенің негізгі түсініктерімен таныстыру (объект, белгі, жарлық, терезе, жұмыс стөлі)
Көрнекі құралдар: Тірек - сызбалар, слайдтар
Таратпа материалдар: Жұмыс дәптері, зерханалық жұмыстар
Ақпараттық қор
Негізгі: (әдебиеттер):
1. Н. Т. Ермеков. Операциялық жүйелер. Оқу құралы
2. И. Яворский. Операциялық жүйелер. Оқу құралы
3. Балапанов. Информатикадан 30 сабақ

Сабақтың кезеңдері:
I. Оқу
іс - әрекетінің мотивациясы
II. Өткен сабаққа шолу: Интерактивті тақтаның көмегі бойынша тірек білімдерді еске түсіру
(Оқушылардың өткен тақырып бойынша теориялық білімдерін анықтау мақсаты )
Сәйкестік ойыны: Сұрақ пен жауапты сәйкестір:
1. операциялық жүйе дегеніміз
2. қолданбалы бағдарламалар дестесі
3. Dos деген сөз нені білдіреді
4. Каталог дегеніміз
5. MS DOS
6. Dir командасының қызметі
7. Каталог синонимі
Жауаптары:
А) директория
d) Дискілік операциялық жүйе
c) операциялық жүйе
d) Компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындау арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік бағдарлама
e) Файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен мерзімі, файл атрибуттары, файл туралы мәліметтер жазылатын дискідегі арнайы орын
f) каталогтың мазмұның көру
g) Белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы

III. Жаңа білім беру
- Windows жүйесінің негізгі ұғымдарымен танысу;
- Windows жүйесінің негізгі объектілердің қызметі.
IV. Бекіту
Мақсаттар:
Жаңа тақырыпқа байланысты игерілген алғашқы түсініктерін тиянақтау, бекіту, игерілген білімдерді практикада қолдана алу қабілеттерін дамыту.
Жұмыс дәптерімен жұмыс
1. Компьютермен деңгейлік тапсырмаларды орындайды
І деңгей тапсырмалар
1. Тапсырма. Әрекет тізбегін көрсет.
Компьютермен жұмыс істеуді баптау әрекеттерінің тізбегін көрсет
Компьютермен жұмыс аяқтау әрекеттерінің тізбегін көрсет
2. Тапсырма. Маустың қандай батырмасы негізгі, ал қайсысы қосымша болып табылады

ІІ деңгей тапсырмалар
Кітаппен жұмыс. Лабораториялық практикум. Windows ОЖ . Е. Қ. Балапанов. 10 бет, І вариант тапсырмалары.

ІІI. деңгей тапсырмалар
1. Менің компьютерім қапшығы арқылы бағдарламаны іске қосыңыз.
2. Компьютерде жаңа қапшық құр.
3. Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту және көшіру әрекеттерін орында.
4. Өз қапшығыңды құр.
5. Объектіні дискетке көшіру әрекетін орында.
6. Құжаттарды жою және қалпына келтіру әрекетін орында.
7. Себетті тазалау әрекетін орында.

V. Білімді бақылау, бағалау. Қорытынды
Сынып екі топқа бөлінеді, І топ оқушылары компьютермен жұмыс атқарады, оқушылары Кім жылдам? ойын ойнайды
Үйге тапсырма:
1. Windows жүйесінің жалпы сипаттамасы.
2. жұмыс стөлінде жаңа папка және файл құру.
3. Windows жүйесінің негізгі объектілердің қызметтері


Скачать


zharar.kz