Сендерге тапсырма

Скачать

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Математика
Тақырыбы: 4 санымен танысу, құрамын анықтау
Мақсаты: Білімділігі: 4 санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 4 санының қатарын ретімен ауызшы жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 4 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санды атай білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Халықтың педагогикамен ұштастыра отырып жұмбақ – есеп, санамақ туалы ұғамдарын қалыптастыру, есепке қызығушылығын шақыру, күнделікті қолданбалы бұйымдарды пайдалану арқылы, ұлттық сана - сезімін ояту. Ептілікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу. Бір - біріне деген достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс – әрекеттерін біріктіріп дамыту. Жан - жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру, қабылдау ниетін дамытк, ойлау үрдісін жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс - тәсілі: Ой – қозғау, әңгімелесу, логикалық ойын дамыту, сұрақ - жауап, көрсету, сахналау, санау, қайталау, ойвн, сергіту сәті, миға шабуыл, бағалау, қорыту.
Қажетті көрнекіліктері: Бауырсақ ертегісінің суреттері, түтікшелер, бақалшақ, сан таңбалары, 2 жолақты карточка, жылдың 4 мезгілінің суреті, 4 түлік мал, плакаттар, қорап т. б.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, дене тәрбиесі, айналамен танысу
Сөздік жұмыс: бірлік, төрт
Сөздік қор: бақалшақ, төрт
Ұ. о. і. ә. типі: Жаңа білімді беру ұ. о. і. ә.

Мотивациялық қозғаушы
Балалар біз бәріміз жақсы көріп тыңдайтын ертегілерді еске түсірейікші
Шалқан , Үш аю . Пысықай , Бауырсақ
- Олай болса біз бүгінгі оқу іс - әрекетімізді Бауырсақ ертегісімен бастайық...
- Ертегіні кім бастайды?
Нұрханым
Ертеде атай мен әжей болыпты. Олар бір түйір бауырсақ пісіріпті. Ол бауырсақ болса орманға қашып кетіпті. Алдынан қоян шығады да сені жеймін дейді
- Бауырсаққа ең бірінші кім кездесіп еді?
Қоян
- Ендеше алдымыздан 1 санының таңбасын алып көтерейікші
- Ертегіні жалғастырайық.
Қайсар: Бауырсақ домалап келе жатса қасқыр шығады.
Қасқыр бауырсаққа кездескен нешінші аң?
Екінші
- Алдымыздан 2 таңбасын алып көтерейік.
- Жақсы, рахмет!
(ертегі желісі бойынша жалғаса береді)
Ал, үшінші рет бауырсаққа кім кездеседі?
Аю кездеседі
- Дұрыс, 3 санының таңбасын тауып көтерейікші.
Тамаша рахмет!
Бауырсақ барлық жыртқыш аңнан құтылды ма?
Жоқ оған түлкі кездеседі
- Балалар түлкі қолындағы қорапқа бауырсақты алдап салып алғысы келетін сияқты. Біз оған жол бермейікші.
(Түлкіден қорапты аламын, балалардың назарын соған аударамын)
Ізденуші - ұйымдастырушылық кезең
- Балалар, қандай әдемі қорап. Өзі қандай пішінге ұқсайды?
- Ендеше бүгінгі сабағымызды 4 санына арнап, 4 санының таңбасымен танысамыз.
Алдымен бәрімізге ортақ ережені қабылдайық.
Дауысты бәсең ұстап, бір - бірімізге кедергі жасамай көмек беру
Бәріміз ретімен санайық.
- Ал мынау 4 саны
- Қайталайықшы
(ұжыммен қайталау)
(3 - 4 балаға айтқызу)
Сонда 1, 2, 3, 4
4 саны 3-тен кейін тұрады екен. 3-тің артқы көршісі.
Енді балалар 4 саны қалай пайда болды және оның құрамында неше бірлік бар, соған тоқталайық.
Бәріміз қайталайық.
Ол дегеніміз: - Мен жолақшаның оң жағынан бастап сурет қояйын, кәне бәріміз санап отырайық. Тағы, санайық.
(Ұжымдық түрде қайталау)
- Барлығы төртеу (доп, алма, сәбіз, саңырауқұлақ)
- Енді 1 - ші не тұр?
Доп тұр
Доптың астыңғы тұсына кім 1 санын тауып қояды екен?
Бала 1 санын тауып қояды
Екінші не тұр
Алма
Үшінші не тұр?
Сәбіз
Төртінші ше?
Саңырауқұлақ
(Әр заттың тұсына сан таңбаларын қойып шығады)
Тақтадағы суреттер әр түрлі. Бірақ біреуден, ал қосқанда 4 болады.
Кез - келген затты санағанда оның саны заттың әр түрлігіне байланысты емес екен. Осы 4 санына байланысты қандай ұғымдар білеміз. Соған тоқталайық.
Мысалы: Жылдың 4 мезгілі болады.
Олар:
4 түлік мал
Олар:
- Балалар, алдымызда бақалшақтар бар. Қайталайық.
Бұл суда болады. Тасқа ұқсас, бірақ әр түрлі кескінде болады. Сендерге тапсырма. Бақалшақты санап, қанша болса сол санның таңбасын көтерейік.
Бақалшақты екі жолақты карточканың көк түсінің үстіне қойып шығамыз.
Ал балалар бүгінгі біз сан туралы мағлұмат алдық. Ендеше санамақ білеміз бе?

Санамақтар:
1, 2, 3 - ал қанекей ұш
4, 5, 6, 7 - мынау ауыл шеті
8, 9, 10 - ал қанекей қон
Бірім - бір, екім - екі
Үшім – үш, төртім - төрт
Бесім - бес, алтым - алты
Жетім - жеті, сегізім – сегіз
Тоғызым – тоғыз, оным – он
Он бірім - оны тапшы ай күнім?
Бір дегенім – білеу
Екі дегенім – екеу,
Үш дегенім – үскі
Төрт дегенім – төсек
Бес дегенім – бесік
Алты дегенім – асық
Жеті дегенім – желке
Сегіз дегенім – серке
Тоғыз дегенім – торқа
Он дегенім – оймақ
Он бір - қара жұмбақ.
1 - таңертең тұр
2 - шынығып бекі
3 - тазала тіс
4 - сабындап жу, беті
5 - сүртін тез
6 - үйді жина жалпы
7 - киін енді
8 - тамағыңды жеп іш
9 - ыдысты жу, тез
10 - атқа қон
Бұл санамақ жаңа күнде осылай сана
- Жақсы рақмет
- Балалар, енді бәріміз қызықты тапсырмалар орындауға кірісейік.
Ол үшін бір мақалды еске түсірейік
Тура берсе су сасиды
ойланбаса ми сасиды
- Ал ойланайық

Миға шабуыл
1. Дүкеннен Асанға анасы төртбұрышты 2 доп әкелді. Біреуін досыма бердім. Нешеуі қалды?
Төртбұрышты доп болмайды
2. Құстың тұмсығы нешеу?
1 - еу
3. Қоянның неше құлағы бар?
2 - еу
Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
3 бұрышы бар
5. Дөңгелектің неше бұрышы бар?
Бұрышы жоқ
6. Далада екі ешкі
Қорада екі ешкі
Қосқанда барлығы
Болады неше ешкі
4 ешкі
7. тәтесі Анарға дүкеннен 4 сағыз әкелді
1 - еуін Арайгүлге
1 - еуін Мадиярға
1 - еуін Анельге берді. Нешеуі қалды?
1 - еуі қалды
- Жақсы рахмет! бойымызды да сергітейік.

Сергіту сәті
Балалар бір сәт денемізді сергітіп алайық
1 - дегенде орнымыздан тұрайық
2, 3, 4 алақанды ұрайық
Оң жаққа бір бұрылып
Сол жаққа бір бұрылып
Бір шынығып алайық
- Жарайды. Отырайық
- Балалар түлкі бауырсақты жеп қоймау үшін ең соңғы тапсырмасын орындайық.
Қорапта әдемі суреттер бар екен.
Бұл жай суреттер емес.
Суреттің екінші бетінде сандар бейнеленген.
Мен тақтаға бір бала шақырамын, ол көзін жұмып саусағының ұшымен сипау әдісі арқылы қандай сан екенін танып, айту керек.
(1, 2, 3, 4)
Енді бәріміз Қандай сан жоқ деген ойын ойнайық
Шарты: Әтеш кез - келген санды жауып ку - ка - ре - ку дейді. Балалар жасырынған санды тауып айтуы қажет. Біз бүгін Бауырсақ ертегісі арқылы 4 санымен таныстық. Өз орнын білдік. Қанша бірліктен тұратынын таныдық. Логикалық есептер шығардық. Әсіресе Мадияр, Нұрханым, Әділет, Қайсар, Анель, Әсемай қалған балалар да өте жақсы қатысты.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: 1, 2, 3, санын білуі жаңа 4 санымен танысып, ерекшелігін ажырата білуі. Көршілес 3 және 4 сандарын салыстыра біледі; 4 санының төрт бірліктен құралатынын білуі;
Меңгеруі: Қолмен ұстау, есту бойынша және әр түрлі қимылдарды санай біледі. Сан мен санамақ, ойын әдістерін меңгеруі, сөздік қорды меңгеруі
Жасай алуы: Үлестірмелі материалмен берілген тапсырманы өз бетінше орындай алуы. Достарының жұмысына өз көзқарасын білдіруі, әр оқу іс – әрекетінде сол пәннің ережесіне сай іс – қимыл жасай алуы.


Скачать


zharar.kz