Бүгінгі таңнан осы уақытқа дейін болған бір мезетті еліктеу сөздерді пайдаланып қандай сөйлем айта аласыңдар

Скачать

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы

Қазақ тілі 6 сынып
Тақырып: Еліктеу сөз
Оқу құралдары: Қазақ тілі. Исаев К., Назарғалиева Ж., Ж. Дәулетбекова. – Алматы Атамұра 2011
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөз туралы ұғым қалыптастырады. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығын, қолданылу ерекшелігін салыстырады. Еліктеу сөздің құрамы, жасалу жолын меңгереді.
Күтілетін нәтиже: Еліктеу сөздерді өз орнымен қолдана алады. Сөйлемде ерекшелігіне қарай қолдана алады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Мұғалім әрекеті
Психологиялық ахуал 2 мин
Сәлемдесу, оқушылардан көңіл күйлерінің қандай екендігін сұрайды.
Тілек ағашын ұйымдастырады

Оқушыларды шашылып жатқан пазлдар арқылы топқа бөлу
Үй тапсырмасын тексеру 2 мин
Дадлидің Ыстық орындық әдісін қолдану
Әр топқа түрлі - түсті шариктерді таратып беріп, сары түсті шарикті алған оқушыны ортаға шығарады

Өткен сабақтармен байланыс
Жаңа тақырыпқа көшу
Білу
Түсіну
Интерактивті тақтада қардың үстімен жүріп келе жатқан адамның аяқ дыбысы және өзеннің ағып жатқан үнін естиді.
Жаңа тақырыпты оқытып, Ментальды картаға салғызады.
Тақырыпты ашқан соң, топтарға Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау әдісін ұсынады.

Қолдану 9 мин

Тапсырма береді. Бақылайды.
Бүгінгі таңнан осы уақытқа дейін болған бір мезетті еліктеу сөздерді пайдаланып қандай сөйлем айта аласыңдар?
Ұйымдастырады

Шығармашылық жұмыс. 1 мин
Жайлауда (суретпен жұмыс)

Талдау
А деңгейіндегі оқушылар Бибігүл, Замира, Дания, Алуа, Құмар 1. Төмендегі еліктеу сөздер қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтайды. Қайсысы жеке, қайсысы тіркесіп келген? Шошаң қағып, бет алды тасырлағаныңа үрейім ұшпайды!... Сәлменді қақ бастан үш - төрт рет тарс - тарс, періп - періп жіберді. Ашқарақ азулары сақ - сақ етті... Суық қар араласқан жылы тамақты қомағайланып, қылқ - қылқ жұтады. Ашулы тістер сытыр - сытыр, қарш - қарш шайнасады... (М. Әуезов)
B деңгейіндегі оқушылар
Дана, Дильназ, Айгүл
Дүрс, дір, қаңқ, тарс, зу еліктеу сөздерінен қандай сөз таптарын жасауға болады?
С деңгейіндегі оқушылар
Алдияр, Мадияр
Абай өлеңдерінің үзіндісінен еліктеу сөздерді тауып, олардың білдіріп тұрған мағынасын, қандай тұлғада тұрғанын анықтайды .

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz