Бәйшешек сенім символы

Скачать

Бәйшешек – өте әдемі көктемгі гүл, бәйшешекті көктем жаршысы деп те атайды.
Бәйшешек – қызғалдақ туысына жататын көп жылдық, пиязды өсімдік. Биіктігі 15 - 30 сантиметр болып келеді. Сопақша келген баданасының жуандығы 1 - 2 сантиметр. Жұқа, қара, қоңыр қабықты, сабағы тақыр 2 - 3 жапырақты дара гүлді. Көкек - мамыр айларында гүлдейді. Жемісі – қауашақ, жоғары жағы үшкірлеу, ұзындығы 1, 5 - 2, 5 сантиметр, ені 1, 5 сантиметр келеді.
Әлемде бәйшешектің 100 - ге жуық түрі бар.

• Бәйшешектік пиязы (түйнегі) улы болып келеді.
Бәйшешек нәзік әрі сынғыш болғанымен қорғаныш қасиетке ие. Олардың түбіндегі пиязы улы болғандықтан бірде - бір кеміргіштің тиісуге батылы бармайды. Бәйшешектің пиязы улы болғандықтан адамдар үшін де қауіпті.

• Зерттеушілердің айтуы бойынша бәйшешек гүлінен Альцгеймер және деменция ауруына шипа болатын дәрі жасайды. Оның құрамында осындай ауруға шипа болатын заттар бар екені анықталған.
Мұнда галантамин өнімі жөнінде сөз болып отыр, оның емдік қасиетін ғалымдар әлі де зерттеу үстінде яғни оның одан да көп пайдасы бар екені анықталған.

• Бәйшешек сенім символы.
Ел аузында гүлдің пайда болуы туралы небір әдемі аңыздар баршылық. Солардың біріне назар аударыңыз.
Бәйшешек – сену, достық, адалдық, тазалықты білдіреді. Көпшілік өз ауласында аппақ әдемі бәйшешек гүлін өсіруді жақсылықтың нышаны деп есептейді.

Бәйшешек гүлі жер бетіне ең алғаш шығатын өсімдік. Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылған уақытта қыс мезгілі екен. Жерде қалың қар жатқандықтан аяғы тоңған Хауа ана жылы жұмақты есіне алып қайғырған уақытта, оның көз жасын көрген періштелер бірнеше қар қылауларын бәйшешек гүліне айналдырыпты.
Қатты қуанған Хауа ананың бойында Құдайдың кешірімін алуға деген үміті ояныпты, содан бері бәйшешек гүлі – сенімнің яғни үміттенудің символы болып есептеледі екен.

• Орыс халқының аңызы бойынша қаһарлы Қыс патшайымы мен Аяз патшасы жер бетіне Көктемді келтірмейміз , деп шешіпті. Алайда батылдық танытқан Бәйшешек қыстың суығына қарамай жер бетіне өсіп шығып, Күн анадан көмек сұрапты. Күн ана Бәйшешектің ерлігіне разы болып, жерді күн көзімен жылытып, Көктемнің келуіне жол ашыпты.


Скачать


zharar.kz