Кіріспе
Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қаламның шығу тарихын зерттеу
2. Қалам түрлерін анықтау
3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу
4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау.
Зерттеу жұмысының нысаны:
Қазіргі кездегі қолданыста жүрген қаламдар.
Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы:
Жұмысты жазу барысында ең алғаш пайда болған қаламдар мен қазіргі кездегі қаламдардың артықшылығын, пайдасымен зиянын зерттеп, сияны киімге төгіп алған жағдайда не істеу керектігі жайлы ақыл - кеңестер берілді.
Зерттеуге қажетті құрал - жабдықтар: Ғаламтор желісі, өмірлік тәжірибе.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Қаламның пайда болу тарихы
Біздің ғасырдың 600 - 1800 жылдарына дейін балауыздың арзандауы мен кеңінен таралуының нәтижесінде жалпыға қол жетімді болып табылатын жазу құралы талап етілді. Осындай қажеттілік сияға малынатын құстың қауырсынын жазу үшін қолайлы етіп, оны жазу мақсатында пайдалануға ынталандырды. Айтпақшы, ағылшын тіліндегі ren (қаламсап) латын тіліндегі penna (құстың қауырсыны) сөзінен пайда болған. Қаз қауырсыны өте көп уақыт бойы - 18 ғасырдың соңына дейін қолданыста болды. Қаз қауырсындары құс қауырсындарды қайып тігетін жинамалы пышақтың атауын ойлап табуға негізге айналды. Пышақты бәкі деп атады. 19 - ші ғасырдың соңында металлдан әзірленген қаламсаптар толығымен ұзақ уақыт пайдалануға жарамсыз, жиі ауыстыруды талап ететін қаз қауырсындарын ығыстырды.
1884 жылы сақтандыру агенті Левис Эдсон Ватерманның аты тарих шежіресінде сия құйылып (алдымен қаламсаптың бір бүйірінен, арнайы пипетканы қолданып) қолданылатын қаламсапты ойлап табушы ретінде лайықты орын алды. Левис Ватерманның жұмыста өте көп жазатындығы оны аталмыш ойлап табудың авторы болуына ықпал етті. Ватерман өз жұмысын тастап кетіп, Ideal Pen компаниясын ұйымдастырды. Аталмыш компания негізінің қалануымен қоса қауырсынды сия қаламсаптар да сатыла бастады.
Егер де 1943 жылы аталған салаға Ласло Биро өз ықпалын тигізгенбеген болса, күні бүгінге дейін біз қауырсынды сияға малып жазып жүруіміз де ғажайып емес еді. Өзінің қызмет бабы бойынша (ал ол журналист болатын)
Биро баспаханасында жиі қызмет ететін және де газеттің бетін әзірлейтін машинадан енді қана шыққан газеттің бір парағын толығымен құрғақ болып шығатындығын көрген сайын белгілі бір ойға келетін; оны алаңдататын мәселе: мәңгілік қауырсын орналасқан ыдысты баспаханалық бояу сынды тез кебетін, арнайы сиямен толтыруға болмас па еді? Бироның ойы іске асырылған кезде автоқаламмен жазу неғұрлым ұнамдырақ болар еді. Журналист осындай сиялар барынша қоюрақ болуы тиіс екендігін тез түсіне қойды. Бірақ, ондайда қою сия кәдімгі автоқаламның капиллярлар жүйесін лық толтырар еді. Яғни, олар үшін басқа бір жазу құралын ойлап табу керек болған. Өзінің ағасы, дипломы бар химик - маманмен ақылдасып, Биро қауыр сынды еркін айналатын түйіршк салып ауыстырды. Ең алғаш, тәжірибе ретінде іске енгізілген қалапсаптың үлгісі 1938 жылы әзірленген.
Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін Венгриядағы саяси ахуал Биро сынды ымырашыл журналист үшін қауіпті болды. Ол алдымен Парижге, онан кейін Испанияға, ал 190 жылы Аргентинаға қоныс аударды. Биро Парижде болған кезде өз өнертабысына патент алды. Парижде ол өз қаражатын өзіндік идеяға жұмсауға келісім берген қаржыгермен танысты, қаламсаптың құрылымын жетілдіріп, шарикті өзектерді әзірлейтін машинаны ойлап шығарды. Биро
салған шағын фабриканың алғаш өнімдері 1943 жылы Аргентинада сатыла
бастады әрі олардың құны жақсы сия автоқаламсаптың құнынан неғұрлым қымбат болды.
Дағдылы мәңгі қауырсындарға қарағанда шарикті автоқаламсаптар атмосфералық қысым азайып кететін биікке көтерілген кезде ағып кетпейтін дігіне қол жеткізген ұшқыштар шарикті қаламсаптардың алғаш сатып алушылары болды. Уақыт өте Авиациялық автоқаламсап туралы мәлімет АҚШ қорғаныс министрлігіне де жетті. Қорғаныс министрлігі автоқаламсап тардың ең үздік өндірушілеріне жаңа өнертабыспен танысып, оларды американдық әскери ұшқыштарға арнап шығару тапсырмасын берді.
1944 жылы Биро өз өнертабысын АҚШ патентімен қорғап, лицензияларды екі ірі американдық фирмаларға сатты. Алайда аталған американдық фирмалар аталған автоқаламсаптар сату ісін дамытқанға дейін осындай автоқаламсаптың бірін сатып алған іскер бизнесмен М. Рейнолдс ешбір лицензиясыз осындай қаламсаптарды өзі шығара бастады; ол тек қаламсаптардың құрылымын біраз өзгертті.
Сот қудалауынан құтылу үшін ол 1888 жылы Дж. Лауд теңдер мен жәшіктердің өндірісі үшін алған, ал сол кезде ұмытылып кеткен американдық патентке сілтеме жасады. Лаудтың жүйесінде бояу құйылған баллонға орнатылған диаметрі 1 - 2 сантиметрлі серіппелі түйіршік қап тігетін матаның, қатырма қағаздың немесе тақтаның үстіне номерлер мен таңбаларды жазу үшін қолданылатын. Рейнолдс сотты оның қаламсаптары - Лауд өнер табысының азайтылған көшірмесі екендігіне және де Бироның жүйесі қаламсапты өндіру ісіне ешқандай қатысы жоқ екендігіне сендіре алды.