Оқушылардың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру

Скачать

Келтіру формулаларына есептер шығару
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға сүйір бұрыштың тригонометриялық функциясының әрбір бұрышындағы синустың, косинустың, тангенстің, котангенстің келтіру формулаларын қайталап, жинақтау, пысықтау, алған білімдерін бекіту. Осы формулаларды тригонометриялық өрнектерді түрлендіруде және есептерді шығару кезінде қолдануды дағдыларын одан әрі дамыту;
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың алгебра пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу және Білімнің басы - бейнет, соңы – зейнет екендігін оқушылардың санасында бекіту. Өзін - өзі бағалап, білімін тиянақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, деңгейлеп оқыту
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интербелсенді тақта, оқулық, кеспе қағаздар, формула жазылған карточка, мультимедиа, слайдтар, тест жұмысы.

Сабақтың жүру барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі: Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу, зейінін шоғырландыру. Сабаққа дайындығын тексеру.
Төмендегі сурет бойынша таратпа қағаздардың қиындыларын жинап, оқушыларды синус, косинус, тангенс және котангенс анықтамалары бойынша топқа бөлемін.
1 – топ: синус; В нүктесінің ординатасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
2 – топ: косинус; В нүктесінің абсциссасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
3 – топ: тангенс; В нүктесінің ординатасының абсциссаға қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
4 – топ: котангенс. В нүктесінің абсциссасының ординатаға қатынасы α бұрышының......... деп аталады.

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы,
Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп
Мұғалімі: Закир Арайлым Закарияевна



Скачать


zharar.kz