Саусақтарын бояу

Скачать

Коучинг сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сабақтарда диалогтік оқыту әдістерін қолдану
Жалпы мақсаты: Ұстаздарға өз сабақтарында диалогтік оқытудың әдістерін үйрету арқылы, тәжірибесінде қолдануға ынталандыру.
Оқу нәтижесі: Диалогтік оқыту әдістері игеру не үшін қажет және бұл дағдыларды қалай оқыту керектігін түсінетін болады.
Түйінді идеялар: Диалогтік оқыту мұғаліммен және басқа оқушылармен – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал

Жаттығулар:
1. Жаттығулар Алақанға жан бітір ойыны. 3 - мин
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.

2. Топқа бөліну, орналасу сәті. Мақалмен топтасамыз.
Білгенім – тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз , Жеті рет өлшеп, бір рет кес! , Екі шал бірін бірі бала депті , Төртеу түгел болса, төбедегі келер; алтау араз болса, ауыздағы кетер , Бес саусақ бірдей емес . 3 - мин
Бағалау: топта смайликтер (толық жауап бергенге) (жауабы толық емес) арқылы бағалап жүру, табыс критерийлер арқылы, екі жұлдыз бір тілек

3. Ой қозғау: Ведио Разговор двух близнецов


Скачать


zharar.kz