Жаз мезгілі туралы әңгімелету

Скачать

Әдебиеттік оқу 2сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамытбек Қалдыбеков Еліктің лағы
Мақсаты: Оқушыларға шығарманы жан - жақты талдата отырып, негізгі ойды оқушыларға жеткізу, топпен жұмыс істеу арқылы ауызбіршілікке ынтымақтастыққа тәрбиелеу, жеке өзіндік ойын, пікірін ашық қорғауға дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі: Шығарманы жан - жақты зерттеп талдауға, негізгі ойды анықтауға;
Өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік ойын, пікірін ашық айтуға дайын болады. І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Кіріспе а) Амандасу.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.

ә) Топқа бөлу.(Түрлі түсті стикер арқылы)
2. Қызығушылықты ояту
а) Ой қозғау.
- 1 жылда неше мезгіл бар?
- Әр мезгілде неше ай бар?
- Көп ұзамай келе жатқан қай мезгіл?
Жаз мезгілі туралы әңгімелету.

ә) Суретпен жұмыс. 1 - сурет.
Жаз мезгілінде алаңсыз су ішіп жатқан елік суреті.
2 - сурет. Қашып бара жатқан елік суреті.
Сұрақ. - Суреттерден не көріп тұрмыз?
- Еліктердің тыныштық күйін бұзған не болды деп ойлайсыңдар? Еліктер аңшының атқан оғынан үркіп қашуы әбден мүмкін. Аңшылық - қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі. Қазір осы аңшылықтың бір қыры әңгімеленетін Еліктің лағы деген мәтінмен танысайық.

2. Мағынаны тану. Жаңа сабақты хабарлау, мақсатын ашу. Шығарманың авторы – Мамытбек Қалдыбеков. Ол балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Соның бірін оқып көрелік.
а) Мәтін оқылады.
ә) Сөздік жұмыс
Шоқы – тік, биік төбе.
Нысана – көздеп ататын жер.
Қарауыл – күзет.

б) Топтық жұмыс 1 - топ. 1 - бөлім. 2 - топ. 2 - бөлім. 3 - топ. 3 - бөлім.

г) Сергіту сәті.
Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Бұрынғы гүлімізге барайық.

3. Ой толғаныс а) Сұрақ - жауап парағын тарату. (Блум таксаномиясы бойынша)
ә) Суретпен жұмыс жасата отырып, өлең құрату.(Еліктің лағы)
Бойы қандай? - Көзі қандай? - Өзі ше?

4. Өлең құрастыру
.... лағым... бұлағың.
Су іше ғой, қанеки...... тұрамын.
(Үш топ оқушылары өз бөлімдерін түсініп оқып, әр бөлімге ат қояды.)
в) 1, 2, 3 сандары бойынша топқа бөлу. Әр топ өз бөлімдерін басқа топ оқушыларына түсіндіреді. Қайтадан өз топтарына келеді. г) Сергіту сәті. Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық. Орнымыздан түрегеп, Бұрынғы гүлімізге барайық
б) Бағалау. - Бүгінгі сабақта не ұнады, не ұнамады? Сұрақ - жауап парағы бойынша бағалау.
5. Үйге тапсырма. 1. Мәтінді түсініп оқу.


Скачать


zharar.kz