Алматы облысы, Жаркент қаласы,
А. В. Луначарский атындағы орта мектеп - гимназия
математика пәнінің мұғалімі Сарикова Гульнара Абилкасымовна
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Туынды және оның қолданылуы
2. Рационал бөлшектерді қосу және азайту
Ашық сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қосу және азайту (7 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті бойынша білімдерін кеңейту, бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындау білік, дағдыларын нақтылау, шындау;
Дамытушылық: ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру, танымын және пәнге деген қазағушылығын дамыту;
Тәрбиелік: жылдамдыққа, ұқыптылыққа баулу; жауапкершілікке, ұжымдық ауызбіршілікке және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушылардың білімін жүйелеу және жалпылау сабағы.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, СТО әдістері.
Көрнекіліктер: постерлер, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатын айту, сайыстың өту ережесімен таныстыру, сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.