Қазақ тілі 4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы берілген білімді еске түсіру
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сан есім туралы 2 - сыныпта алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу;
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: талдау - жинақтау, көрнекілік, СТО, АКТ,
Ресурстар: А3 қағаз, маркер, желім, қима суреттер, ЦОР
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Топқа бөліну. Алтын ережені еске түсіру
А. Сабақта өзін – өзі бағалау критерийлерін құру
жауап толық, дұрыс болуы; алтын ереженің сақталуы.
2. Сәттілік тілеу. Бүгінгі сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
ІІ. Ой шақыру.
- Сан есім туралы не білеміз?
- Түрлері, анықтамасы, мысал келтіру.
- Әр қатар жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаш айтып талдау.
- Сан есімнің басқа сөзбен байланысын анықтау.
ІІІ. Жан - жақты білімдерін тексеру тапсырмаларын орындау.
Жұптық жұмыс
1 - тапсырма: 3 ұпай, қате орындалса 2 ұпай
Оқулықтағы 2 жаттығудың берілгенін оқу. Тапсырманы барлық оқушы орындап болған соң талданады. Дұрыстығы тақта арқылы тексеріледі. Ұпай санын белгілейді.
Уақыт өлшемі
Бір жылда он екі ай бар. Бір айда отыз күн, төрт апта болады. Әр аптада жеті тәулік бар. Әр тәулікте жиырма төрт сағат, бір сағатта алпыс минут бар.
2 - тапсырма 4 ұпай қате орындалса 3 ұпай.
Оқулықтағы 3 - жаттығудың берілгені бойынша бір оқушы тақтада орындайды.
Төрт мың шақырым, он екі сағат, сегіз сағат, жүз сексен жолаушы, үш жүз жолаушы, үш - төрт сағатта.
- Сан есімді тауып, байланысып тұрған сөзін сұрақ қою арқылы анықтап сөз тіркесін жазу.
- Тақтадағы тапсырманың орындалысы тексеріліп, ұпай санын белгілеу.
- Байқадыңдар ма, сан есім үнемі қай сөз табымен байланысады екен? Неге? Өйткені сан есім заттың санын білдіреді.
ІV. Сергіту сәті.
Ойын: Бір әріптен басталатын сөйлем 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарға сөздері сол сан әрпінен басталатын сөйлем тауып айту.
1 - ден 10 - ға дейінгі сандарға сөздері сол сан әрпінен басталатын сөйлем құрап айту.
1 – Бір...........
2 - Екі егінші егін екті.
3 – Үш..............
4 – Төрт............
Қол шапалақтау арқылы тыныштыққа шақыру.
3 - тапсырма: 3 ұпай, қате орындалса 2 ұпай
- Тақтаға назар аудару. Тапсырманы оқып орындау.
Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру, құрамындағы сан есімді сөзбен жазып көшіру
1000 - ның 100 - ін білгенше,
1 - дің атын біл.
90 сөздің тобықтай түйіні бар.
30 тістен шыққан сөз,
30 руға тарайды.
- Тақтамен тексеру. Ұпай санын белгілеу.
- Жалпы ұпай санын анықтау.
- Қанша ұпай жинадың? Қай жерден қателестің? Қатеңді түсіндің бе?
V. Рефлексия
- Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, тілектеріңді, не ұнады сол туралы жазып, мына тақтаға ілеміз
Үйге: Әр кім өз пәтеріндегі жиһаздардың, адамдардың санын анықтап сөз тіркесін жазып келу.