Көрші атам өлеңін жатқа айту

Скачать

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мәні: Оқушыларға буын және сөзді буынға бөлу туралы білім беру.
ә) Дамытушылық мәні: Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой - өрістерін, тілдерін дамыту.
б) Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілік пен кішіпейілділікке тәрбиелеу. Сауатты, мәнерлеп оқу мен көркем жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қималар, ойыншықтар, қима бауырсақтар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап,

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
1 - 2 - 3
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз!.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1 Көрші атам өлеңін жатқа айту.
Сәлемдесуге байланысты қандай сөздер білесіңдер?
1 - мұғаліммен
2 - үлкен атамен
3 - досымен ер балалар бір - бірімен, қыз баламен
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ма? Ендеше балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барайық.
- Бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?
- Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпіріне бауырсақ пісіріп береді, оны суытуға терезенің алдыны қояды.
Бауырсақ домалап қашып кетеді. Домалап қашып келе жатса алдынан қоян шығады. Қоян бауырсақты жегісі келеді.
- Қане балалар, бауырсақты қояннан құтқарып алайық. Мына тапсырманы орындасақ, қоян бауырсақты жемейді.
1. Ой қозғау
1. Табада бар, -------------- 3. Қылда бар,
Танада жоқ. ----------------- Жүнде жоқ
Сабада бар, ----------------- Жылда бар,
Санада жоқ. (Б) ------------ Күнде жоқ Ы
2. Дабылда жоқ, ----------- 4. Нарда бар,
Дауылда бар. --------------- Қарда жоқ
Далада жоқ, ----------------- Нанда бар,
Ауылда бар. (У) ------------- Майда жоқ Н

Жаңа сабақтың тақырыбы: БУЫН деген сөз шықты.
Ережені түсіндіру.
Балалар буын деген сөзді бұрын естідіңдер ма?
- Әліппеде дауысты, дауыссыз дыбыстарды өткенімізде сөздерді буынға бөліп үйрендік. Сөздің буынға бөлінуі неге байланысты?
Ереже. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Сурет бойынша сөздерді буынға бөліп үйренейік: Күн, ай. кі - тап, ба - ла - лар, ба - ла - пан, ал - ма.
- Жарайсыңдар, енді бауырсақты қояннан құтқардың оны әрі қарай шығарып салайық.
- Бауырсақ әрі қарай домалап кетті. Алдынан қасқыр шығады, бауырсақты жегісі келеді.
- Балалар, бауырсақты қасқырға жегіземіз бе?
Ендеше тапсырманы орындайық.

Дәптермен жұмыс
58 - жаттығу
1. Сөздерді буынға бөліп жаз
2. Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар
Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен
Өте жақсы, балалар бауырсақты қасқырдан құтқарып алдық.
- Бауырсақ орманда әрі қарай домалап келе жатса, алдынан не шығады?
- Аю шығады.
Балалар, аюға бауырсақты жегіземіз бе?
Ендеше аюдың тапсырмасын орындайық.
59 - жаттығу

Аюдың тапсырмасы.
1. Мақал - мәтелдерді оқыңдар.
2. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын бар.
Бауырсақты аюдан құтқардық, өзіміз бір сергіп алайық.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
Кішіпейілдік - кісілік белгісі сурет бойынша жұмыс
Жалғасын тап ойыны

Не істеуге болмайды?
- үлкендердің алдын................... кесіп өтуге
-- кішкене баланы...................... жылатуға
- құстарды................................ атуға
- сабақтан................................. кешігуге
- сыныпта.................................. айқайлауға
Не істеу керек?
- үлкен кісіні......................... сыйлау керек
- үлкеннің тілін.................... тыңдау керек
- үлкендерге.......................... жол беру керек
- кішілерді............................. қорғау керек
- оқу құралдарын............................ ұқыпты ұстау керек
- Балалар бауырсағымыз әрі қарай домалап, алдынан түлкі шығады.
Түлкі өте қу менде бауырсақты құтқаруға көмектесейін.
- Өлеңді авторымен таныстыру.
- Не деу керек?
Ә. Дүйсенбиев - өмірімен таныстыру.

Мұғалім: Ә. Дүйсенбиев - Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында 1931 жылы дүниеге келген. Ол Балдырған , Жалын журналдарының хатшысы болып жұмыс істеген. Балаларға арнап көптеген Гүлзар, Парадта, Не деу керек?, Қызғалдақ, т. б еңбектер жазған.
Түлкінің тапсырмасы.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Өлеңдегі сұрақтарға жауап беру..
1. Рахмет 2. Кешіріңіз
3. Рұқсат па? 4. Енді қайталамаймын
Қорытынды бөлім:
- Балалар, бізге қонаққа келген аңдарға сыйлық сыйлайық.
Қоянға - сәбіз
Қасқырға - сүйек
Аюға - бал
Түлкіге - балық
Әрбір сыйлық артында жасырынған сұрақтарға жауап беру.
Сәбіз - Балалар сөзінде неше буын бар?
Балық: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
Сүйек - Бейбітшілік сөзін буынға бөл. Дауысты дыбыстарды ата.
Бал:- Сөз буынға қалай бөлінеді. Ережені қайтала.

Үй тапсырмасы:
Өлеңді мәнерлеп оқу, мақалды жаттау
Бағалау.
Сабақ барысында әр бөлімде жауап берген оқушы қорапшадан бауырсақ жинау арқылы өз - өздерін бағалайды.


Скачать


zharar.kz