Қыздың ары - ұлттың ары

Скачать

Қыздың ары - ұлттың ары!
Баяғыда Хожай деген бай саудагер болыпты. Бұрыңғылалардың "Ер Қосайдың жолын берсін, Хожай саудагердің саудасын берсін"- дейтін батасында бар. Бұл Хожай саудагер бір күні Ер қосайға мақтаныпты:
- Арғынның ақсары биінің үйінде жатамын. Ардақты қызы Ботагөз сұлу некелі қатынымдай - деп.
- Сені қойнына алмайды - деп, ер Қосай екеуі ерегесіп бәстесіпті.
Егерде сарттың сөзі рас болса, Қосай бар жиған - тергенін сартың алдына салып береді. Қожаның сөзі жалған болса маңдайындағысын Қосайдың қолына тапсырмақшы болады. Базар тарқап, Қосай мен Хожай саудагер Арғынның - Ақсары биінің ауылына келеді. Қатын - қалаш, бала - шаға бәрі үймелеп келіп жатыр. Хожай дүниені аямай шашып - төгеді. Келгендердің бірі - Ботагөз сұлу. Бәрі тарқаған кезде Ботагөз сұлуды Хожай бай жалғыз алып қалып, жалынып:
- Баяғыдан бері алдадың, енді бүгін қойныңа ал!- деп жабысыпты.
Қыз айтыпты:
- Ит ас ішетұғын итаяққа жылы су төгейін, соны іш. Мені шын жақсы көретіндігіңді дәлелдесең, білгеніңді қыл - депті.
Хожай сорлы қыздың не айтқанын орындайды.
Қыз: - Тойдың ба, шөлің қанды ма?- депті.
Хожай: - Дүниеде сусын іздеместей шөлім қанды - деп жауап қатады.
- Ендеше осы тойғаның да жетер. Итаяқтан адам ішпес, ішкен сарттың астына ит те жатпас, - деп қыз үйіне тұра жөнеліпті!!!
Аналарымыз ұлтты осылай сақтаған.
Байлық үшін ешкімнің астына жатпаған.

Ерқанат Көпжасарұлы
Facebook - тегі парақшасынан


Скачать


zharar.kz