Балалардың тақпағы

Скачать

Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Мақсаты:
Білімділік – Балаларға ұлы ғұламалардың жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Дамытушылық – Баланың жан – жақты ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілік – Өз халқының салт – дәстүрлерін, әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды, тыйым сөздерді үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, Ақын - жазушылардың суреті.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер:
- Сәлем саған – Алтын күн!
- Сәлем саған – Көк аспан!
- Сәлем саған – Жер – ана!
- Сәлем маған!
- Сәлем саған!
Тәрбиеші: Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген ұлы ғұлама Әл - Фараби. Олай болса, білім бере отырып елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін баланың артында, өз ата - анасы бар екенінде ұмытпауымыз керек.
Тәрбиеші:

1 - кезең. Балам - менің болашағым
1 - Бала деген кім?
Ата – аналар жауабы тыңдалады.
Тәрбиеші: Ертеде бір адам ғұламаға келіп:(Екі ата – ана ортаға шығады)
Ата – ана:
- Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс? – деп сұрапты.
Ғұлама: (Ата – ана)
- Балаңыз қаншада? – деп өзіне сұрақ қояды.
Ата – ана:
- Бес - ақ ай толды, - дейді анау.
Тәрбиеші: Сонда ғұлама басын шайқап:
Ғұлама: (Ата – ана)
- Бес айға кешіккен екенсіз, - деген екен.
Тәрбиеші: Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті. Яғни, баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек. Демек, бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен – ата - ана.
Сұрақ - жауап.
1. Отбасының қорғаны кім?
2. Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?
3. Отбасыңызда ұлттық салт - дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?
5. Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?
6. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?
Ата – аналардың пікірі тыңдалады.

2 – кезең. Аталар сөзі - тәрбие көзі
Бала:
Ибрагим.
- Ата сәлеметсіз бе? Айтыңызшы жақсы деген немене?
Ата:
- Амансың ба, балам? Жақсы дегеніміз мыналар:
- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз. Өмірде осы бес істі орындаған, өзінің қажетіне асырған адам – жақсы адам, балам. Жақсы дегеніміз осы.
Бала:
Дамир.
- Ассалаумағалейкум, ата!
- Айтыңызшы, жаман дегеніміз не?
Ата:
- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз. Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің жақсы азамат болғаның, балам.
Тәрбиеші:
Қане, енді балалардан сұрап көрейікші. Абай атасының өсиеттерін білер ме екен? - Жақсы дегеніміз не, балалар?
1. Жанель.
Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
2. Ибрагим. Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап – таза боп жуынып,
Алады ол таранып.
3. Исмаил.
Жаман бала құрысып,
Өз – өзінен тырысып.
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып
4. Ерасыл.
Жақсы бала әрдайым,
Деп Ұятқа қалмайын
Сабағына барады,
Күнделікті дап – дайын.

5. Ризабек. Үлкенді де сыйлайды,
Достарын ол жинайды
Әлсіздерге қамқор боп,
Жамандыққа қимайды.
6. Мадина Т. Анау бала, қолын қара,
Кір қожалақ қап – қара.
Тырнағы өскен, шашы көптен
Алынбапты – ау масқара!
Тәрбиеші:
Демек, адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек?
Видео арқылы жақсы мен жаман қасиеттерден көрініс көрсету, В. Маяковскийдің Жақсы деген немене, жаман деген немене? деген өлеңін оқып беру. Тәрбиеші:

3 - кезең. Білер қазақ баласы, сәлем – сөздің анасы
1. Балалардың тақпағы.
1. Інжу.
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен:
Қайырлы таң! - деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
Қайырлы күн! - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білмеймін:
Кеш жарық! - деп кіремін.
2. Дамир.
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Ән: Болайықшы осындай

Атырау қаласы,
КМҚК №25 Еркемай балабақшасы.
Ундаганова Айсұлу Хамитовна
Ересек топ тәрбиешісі.


Скачать


zharar.kz