Логикалық олимпиада
Ә сынып оқушысы _______________________
Ойлаған санға 15 - ті және 10 - ды қосты. Содан соң 5 - ті азайтты, тағы 10 - ды азайтқанда 20 шықты. Бастапқы санды тап.
Жауабы:
1. Кітаптың 20 беті бар. Оны нөмірлеу үшін неше цифр қажет болды?
Жауабы:
2. Жұлдызшаның орнына қосу мен азайту таңбаларын қоя отырып, тура теңдік жасауға бола ма? 5 * 4 * 3 * 2 *1 = 1
Жауабы:
3. Пойыздың 10 вагоны бар. Маша пойыздың басынан санағанда бесінші вагонда, ал Даша пойыздың соңынан санағанда бесінші вагонда келе жатыр. Олар бір вагонда келе жатыр ма?
Жауабы:
4. Себетте 13 алма бар: қызыл, сары және жасыл. Ең азы - қызыл алма, ең көбі – сары алма. Сары алманың қызыл алмадан 4 - еуі артық. Жасыл алма нешеу?
Жауабы:
5. Суретте неше шаршы бар?
6. Бос торкөздерді шаршы, дөңгелек, үшбұрыштармен толтыр. Бағандар мен қатарларда бір фигура екі рет қайталанбауы керек. Жоғарғы сол жақ торкөзде қандай фигура тұрады?
Логикалық олимпиада жүктеу