Озық тапсырма жеке оқушы шығармашылығы

Скачать

ШҚО, Күршім ауданы,
Қарой орта мектебі математика пәні мұғалімі
Аплатанов Марат Зейноллаевич

8 сынып
Тақырыбы: Параллелограммен тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару (слайд)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың параллелограмм және тіктөртбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаз, слайдтар

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Озық тапсырма жеке оқушы шығармашылығы
3. Алғашқы қадам (Үй тапсырмасын тексеру)
4. Лездік тапсырма (Сұрақ - жауап)
5. Біліктілік сайысы (Әр топқа тапсырмалар беру)
6. Алғырлық кілті (оқулықпен жұмыс)
7. Шығармашылық саты (тест, сөзжұмбақ, жұмбақ беру)
8. Шешуші сәт (Семантикалық карта)
9. Үйге тапсырма
10. Қорытындылау, мадақтау, бағалау

Озық тапсырма
Есеп.
Табанының ауданы 25 м ² болатын киіз үйдің ішіне ені 3, 5 м, ұзындығы 5, 5 м болатын текемет жаюға бола ма?

І бөлім "Алғашқы қадам"
Үй тапсырмасын тексеру
№221. Бер: АВСД параллелограмм
АВ=24 дм
ВС= 18 дм
1) α=300 2) α=450
Т к: S =?
Т ү: S =авsinα
1) S = 24∙18∙sin300=216
2) S = 24∙18∙sin450=216
Жауабы: 1) 216 дм2 2) 216 дм2

IІ. Лездік тапсырмалар
(сұрақ - жауап)- әр дұрыс жауап 5 ұпай
1. Қандай төртбұрыш түрлерін білесіңдер?
Тіктөртбұрыш
Трапеция
Ромб
Паралелограмм
Квадрат
2. Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
(Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз. )
3. Параллелограмм дегеніміз не? оның қасиеттері.
(Қарама - қарсы қабырғалары қос - қостан параллель болатын төртбұрыш параллелограмм деп аталады.)
Қасиеттері:
1. Параллелограмның қарсы жатқан бұрыштары тең.
2. Параллелограмның диагоналдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.
3. Параллелограмның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180 0 – қа тең.


Скачать


zharar.kz