Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алимова Гулнар Мухановна
Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Үй құстары және дала құстары
Мақсаты: Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту.
Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.
Сөздік жұмыс: қарға, сауысқан, қарлығаш.
Көрнекіліктер: құстардың суреттері, құс ұялары.
Билингвистикалық компонент: құстар - птицы, ұя - гнездо
Инклюзивтік әлеумет: Балалардың құстар тіршілігі туралы түсініктерін, тіл байлықтарын арттыру.
Мотивациялық қозғаушы
Іздену ұйымдастырушы
Балалардың шеңбер бойына тұрғызып, келген қонақтармен амандастыру.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса!
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған, Жер - ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Балалар, көктем мезгілі, күн жылынып, басқа жақтан құстар ұшып келіп жатыр.
Енді мына кішкене құс арқылы бір - бірімізге жылы тілектер айтайық. Бүгін сендермен үй құстары және дала құстарымен танысамыз. Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді. Міне дала құстары: қарға, сауысқан, қарлығаш т. б. олар аспанда ұшып жүреді. Ал үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады. Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем - суларын береді.
Балалар, сендер құстарымен таныстыңдар, енді үнтаспа арқылы құстардың дауысын тыңдайықшы, бұл дауыстар дала құстарының үні ме, үй құстарының үні ме?
Неге дала құстары деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, орнымыздан тұрайық.
Сергіту сәті;
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық.
Жақсы, балалар, сендер дала құстары мен үй құстары жайлы білдіңдер.
(Осы кезде есік қағып топқа әтеш кіреді.)
Балалар әтеш бізге хат әкеліпті.
Ішінде құстардың суреттері бар екен. Қазір сендер сол суреттерді алып дала құстарын бөлек үй құстарын бөлек атайсыңдар.
Ойын: Не қалай дауыстайды?
Тәрбиеші құстарды көрсетеді, балалар ол қай құс екенін айтып дауысын салады.
Рефлексивті - коррекция.
Сендер енді үй құстары мен дала құстарын ажырата аласыңдар.
Құс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар, енді барлығымыз отырып геометриялық пішіндерден торғайды құрастырайық (торғайдың суреттерін көрсету).
Торғайдың басы қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Түсі ше? Денесі ше?
Сұрақтар;
Балалар, бүгін біз қандай құстарымен таныстық?
Үй құстарын атайық?
Неге дала құсы деп атаймыз?
Толық нұсқасын жүктеу