СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ЖӘНЕ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ
Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі
педагог – ғалым В. М Монохов
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі қызықтырады. Ол енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал осы бағытты ұйымдастырушы, бағыттаушы мұғалім. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруын, достарының ойын тыңдауға, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлау және жазу - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген тақырыпты сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдауға үйретеді.
Бұл технология - оқушылардың білім деңгейін көтеруде, дұрыс шешімдер табуға, ойларын еркін айтуға тиімді.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды үйрету технологиясымен жұмыс жасау кезінде баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын көздейді. Бұл жобаға дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру барысында оқушылардың оқуға деген ынтасының артқандығын, бойында жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, оқушылардың басқаның ойын қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Сын тұрғысынан ойлауды және жазуды дамытуға байланысты оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамытып, шыңдауға көмектеседі.
Топтық жұмыстың мақсаты:
- Оқушылар бір - бірімен ақылдасып, ортақ шешімге келеді.
- Топтың сұрақтарына жауап береді.
- Өз пікірін дәлелдеп, қорытынды шығарады.
- Өзгенің ойына көңіл бөледі.
Бағдарламаның тәрбиелік мақсаты: өзара құрмет сезімін тудыру; басқаның пікірін сыйлауға; сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында " сыни тұрғыдан оқу мен жазудың "көмегі зор. Бұл әдіспен бірнеше тақырыптар өткізіп жүрмін. Оқушы жеке жұмыс істеуге, жұппен, топпен жұмыс жасауға жаттықты. Өз ойын көпшілікке жеткізуге машықтанды. Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдерін жаңа білімдерімен ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берді.