Сабақ тақырыбы: Логарифмдік теңдеулер
Сабақ мақсаты: Жаңа талапқа сай, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа сапалы білім беру;
1) Білімділік: студенттерге логарифмдік теңдеулерді шешудің әдістерін оқытып - үйрету. Логарифмдік теңдеулерді шешу жолдарының тиімді тәсілдерін есеп шығаруда қолданып, білім, біліктіліктерін арттыру.
2) Дамытушылық: Логарифмдік теңдеулерді шешу үшін алдымен берілген логарифмдік функцияның анықталу облысын табу керектігін, логарифмнің анықтамасын және логарифмнің қасиеттерін қолдана алу дағдыларын арттыру, іс - әрекет дағдылары мен шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, өзіндік білім көтеру қажеттілігін арттыру;
3) Тәрбиелік: коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру, теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, ойлау және есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ барысында қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап әдісі, тесттерді қолдану әдісі, іздену жұмысы, бақылау әдісі, дифференциалды оқыту, есептерді шешудің бірнеше тәсілдерін талдау.
Жабдығы: интерактивті тақта, оқулық, слайд - планшет, Activot тест құрылғылары, презентация.
Пәнаралық байланыс: алгебра - 10, информатика.
Қолданылған әдебиет:
1) Алгебра және анализ бастамалары 11 сынып, А. Е. Әбілқасымова, Алматы, 2007
2) Шың - Математика - 2, Исмаил Акйол, Алматы, 2006
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Сәлемдесу;
• Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
ІІ. Қайталау (танымдылық құзырлығын қалыптастыру)
♦ Сұрақ - жауап (слайд №3 - 7)
♦ Ауызша тапсырмалар (слайд №8 - 9)
♦ Тест Кім жүйрік? (слайд №10 - 25) Тесттің бір сұрағы 1 минутқа шақталған. Сұраққа дұрыс емес жауап бергенде, келесі сұраққа ауыспайды. Барлық сұрақ саны - 5.
ІІІ. Жаңа сабақ: (ақпараттық құзырлығын қалыптастыру) (слайд №26 - 27)
Логарифмдік теңдеудің анықтамасы: Айнымалысы логарифм белгісінің ішінде болатын теңдеуді логарифмдік теңдеу деп атайды.