Сабақтың тақырыбы: Ізденіс - өнер сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушылардың тағаммен жұмыс бөліміндегі тақырыптарды меңгеруін пысықтау.
2. Дамытушылық. Оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа баулу.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды көпшілік алдына шығып, өзін еркін ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар.
Сабақтың түрі: ізденіс - өнер сабағы.
Сабақтың типі: білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың әдісі: ой шақыру, топтастық, жинақтау, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім
Сайыс мынандай шарт бойынша өтеді:
1. Топтың өздерін таныстыруы (киімдері қоса есептеледі).
2. Ғажайып жетілік.
3. Ана көрген тон пішер .
4. Ас адамның арқауы.
5. Тіл өнері.
6. Өнер сайысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 - 7 мин).
Оқушылардың сыныпқа енуі, сәлемдесуі, тізімін анықтау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Асыл сөздің ұстасы
Ақын болар ұрпақсың.
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақсың.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақсың.
Тұла бойы тұрған бір
Өнер болар ұрпақсың! – деген өлең жолдарымен сабағымызды бастайық.
Екі топ өздерін таныстырады (киімдері қоса есептеледі).
Өнер білім негізінен,
Өтеді енді сынақтар.
Мазалайтын, ойлайтын,
Қойылады сұрақтар.
ІІ - бөлім. Ғажайып жетілік .
Бұл сайыста әр түрлі пәндерден сұрақтар беріледі. Таблицадан санды таңдай отырып, соның жауабын дұрыс тапсаңыздар, өздеріңізге ұпай болып қосылады. Сан астында пән сұрақтары жазылған.
ІІІ - бөлім. Ана көрген тон пішер деген аталы сөз бар. Әділ қазыларға қолөнерлеріңді көрсетесіздер!
IV - бөлім. Ас адамның арқауы.
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген күнім
Жақсы ғой тағамның да білген сырын.
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
V - бөлім. Тіл өнері
Бөлім бойынша оқушыларды тапқырлыққа, тез ойлауға үйрете отырып, өздерінің орыс, шет тілдері пәнінен білім дәрежесі қандай екендіктерін көрсетеді.
VI - бөлім. Өнер сайысы
Бұл сайыста қыздарымыздың артистік шеберліктерінің қандай екендіктерін көрсетеді.
VII. Қорытынды.
Қыздарымыз салмақты,
Әке көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер
Еш қайсысы жоқ сияқты,
Бір - бірінен кем түсер, - дей отырып, өтілген шарттарымыздың қорытындысын әділқазы алқолары берейік.
Иә, қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағаныңызға көп - көп рахмет. Сөздердің өмірлеріңізге қуаныш, шаттық тілей отырып, жүректеріңіз қартаймасын, көңілдеріңіз ортаймасын демекпіз.