Оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптар

Скачать

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
№ 53 орта мектебі КММ
информатика пәнінің мұғалімі Мәлімбай Т. Қ.

Жалпы білім беретін мектептің 5 – сыныбына арналған таңдау курсы
КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚ оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар

Түсінік хат
Біз күнделікті өмірде әр түрлі жұмыстар орындау барысында көптеген бағдарламаларды қолданып жүрміз.
Информатика және есептеуіш техника негіздері пән ретінде қалыптасқан ғылымның бір саласы. Ал таңдау сабағында негізгі сабақта аяқтай алмаған ұғымдар, түсініктер тереңірек ұсынылады.
Бағдарламаға оқыту барысында білімділік, тәрбиелік және дамытушылық сияқты мақсаттардың кешенді түрде іске асырылуын қадағалау нақты міндет етіп негізге алып отырмын.

Аннотация
Компьютерлік сауаттылық бағдарламасына арналған авторлық бағдарлама 5 - сынып оқушыларына ұсынылып отыр.
Бағдарламада теориялық білім мен қатар практикалық жұмыс жасау, есептер шығару, өз бетінше программалар құру сияқты әрекеттер орындайды. Есептер қарапайым, оқушы жасы ескерілген.
Бағдарламаны оқып үйрену арқылы оқушылар қазіргі заманғы математикалық, ақпараттық білімін тереңдете отырып, алған дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана алады деп күтілуде.

Мақсаты: Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру.

Міндеттері: Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың мәтіндік, кестелік редактормен жұмыс жасау барысында оларды кәсіби маман болуына ықпал жасау;

Күтілетін нәтиже: Информатика пәнін меңгерген және оны кәсіби мамандығында пайдалана алатын тұлға.

Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар: Оқушы нені білуі керек:
- Информатика пәнін білетін және талдай жасай алатын тұлға;
- Word, Excel бағдарламасының интерфейсін сипаттай білу;

Оқушы нені үйрену керек:
- Қарапайым мәтіндік редактормен жұмыс жасай біледі;
- Бағдарламаның командаларымен жұмыс жасауды;
- Шығармашылықпен жұмыс жасай білу;

Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
2. Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау;
3. Оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптар;

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы:
1. Негізгі ұғымдар.
2. Бағдарламаның негізгі және қосымша құралдары;

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz