Есептерді шығару

Скачать

Сабақ тақырыбы: Екі амалмен шығарылатын есеп.

Сабақ мақсаты: Екі амалмен шығарылатын есептің шығарылу тәсілін меңгерту.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды саналылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ – жауап, талдау, іздендіру, дәлелдеу, өз бетінше жұмыс, көрнекілік әдістері.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Санамақ.
Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім – елім,
Далам, тауым, көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.

Оқулықпен жұмыс.
№1. Есептерді шығару. Салыстыру.
а)
Жүр еді – 12бала
Кетті - 2 ұл
Сырғанап жүр -? Бала
Шешуі: 12 – 2 = 10
Жауабы: 10 бала
ә)
Жүр еді - 10 бала
Келді – 5 қыз бала
Барлығы -? бала
Шешуі: 10+5 = 15
Жауабы: 15 бала
б)
Жур еді – 12
Кетті - 2 ұл
Келді - 5 қыз
Сырғанап жүр -? бала
Шешуі: (12 – 2) + 5= 15
Жауабы: 15 бала сырғанап жүр.

№2.
Сатып әкелді – 6 және 4 шөлмек сусын
Ішілді – 7 шөлмек сусын
Қалды -? шөлмек сусын

(6+4) – 7 = 3
Жауабы: 3 шөлмек сусын қалды

№3.
Өрнекті жазу және оның мәнін табу.
а – 2, мұндағы а = 32; 59; 11.
32 – 2= 30
59 – 2 = 57
11 – 2= 9

№4 Өрнекті оқу және оның мәнін табу.
(7+2) +40=49
79 – (6+3)=70
(6+3)+50=59
(5+4)+30=39
97 – (4+3)=90
86 – (2+4)=80

№5. Өрнектеп көрсету.
90 мин = 1 сағ 30 мин
1сағ 10 мин = 70 мин
100 мин = 1 сағ 40 мин
1сағ 20мин = 80 мин
1 тәул. 1 сағ = 25 сағ
1сағ 9мин = 69 мин

№6. Өз бетімен жұмыс.
11 – 2 = 9
9 + 2 = 11
21 – 2= 19
19 + 2 =21
31 – 2 =29
29 + 2= 31

Үйге тапсырма: №4 2, 3 – бағандар 69 - бет.
Қорытындылау. Сұрақ – жауап.
Бағалау.


Скачать


zharar.kz