Махамбет Өтемісұлы өлеңіЖалған дүниеҚоғалы көлдер, құм, суларКімдерге қоныс болмаған

Скачать

Махамбет Өтемісұлы өлеңі

Жалған дүние
Қоғалы көлдер, құм, сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жауға салмаған?
Құландар ішпес бұршақ қақ
Кімдерге шербет болмаған?
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған? -
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,-
Ойласаңдар, жігіттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған?!

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля

Махамбет Өтемісұлы басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz