Шық моншағы үзіліп, Құлпырады қырқалар

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Жазда неге түн қысқа,
Керісінше күн ұзақ,
Қыста неге күн қысқа,
Керісінше түн ұзақ?

Сұрақ қойдың сен маған
Шым - шытырық осындай.
Жауап бердім мен саған
Сол заматта тосылмай.

Аяқ асты жауапты
Тапқаныма қуанып,
Бала көңілі талапты
Қалсын дедім жұбанып:

- Жақсы – ау, шіркін, жаз айы
Айналаңа зер салғын:
Қызған ойын базары,
Күнде жылы
Жер – шалғын.

Келді, міне, каникул
Ойнаңдар деп тым ұзақ
Жаз жақсы емей,
Қанекей -
Түн қысқарған,
Күн ұзақ.

Келетін қар, мұз артып,
Қыс айы да ақылды.
Түнді әдейі ұзартып,
Күнді ерте батырды.

Түк те шықпас ойыннан,
Оқыңдар, - деп,- сабақты ,
Ызғар шашып бойынан,
Түйеді ол қабақты...
Арқан болар тырналар

Ніл бояулы көктем кеп,
Аспан мөлдір көкпеңбек.
Желбіреткен самалын
Жер оданда өткен көк.

Шық моншағы үзіліп,
Құлпырады қырқалар.
Келеді ұшып
Тізіліп,
Тырналар, көп тырналар.

Тыраулайды тырналар,
Таныс бізге сол ырғақ.
Дауыстайды балалар:
Арқан бол! - деп
Қол бұлғап.

Естігендей олар да,
Қанат қағып, жайланып.
Бейне арқан болар ма,
Ауылды бір айналып?

Қос қанаты – құшағы
Көктің жүзін аймалап,
Алыс жаққа ұшады,
айдын көлдер қайда? - лап.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz