Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру

Скачать

Күнделікті сабақ жоспары, география 7 сынып
Тақырыптар:
26 - сабақ. Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері
27 - сабақ. Орталық және Шығыс Азия елдері
28 - сабақ. Еуразия материгі. Сарамандық жұмыс № 2
29 - сабақ. Солтүстік Америка
30 - сабақ. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азияның геологиялық экономикалық жағдайына түсінік беру, шаруашылығының дамуымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, әдеби және сауатты сөйлеу, өз бетімен тұжырымдай білу, нақты нәтижелерін айта алуын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке еңбекке, әділдікке, шешімді дұрыс қабылдауға, өз ұлтын сүюге, жан - жақты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Материктер картасы, оқулық, суреттер, карточкалар
Сабақтың жоспары:

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын.
• Оңтүстік - Батыс Азия елдері құрамына қандай мемлекеттер кіреді;
• Оңтүстік - Батыс Азия жер бедеріне қандай ерекшеліктер тән;
• Оңтүстік - Батыс Азияның әлемдік өркениетінің дамуындағы орны қандай;
• Оңтүстік - Батыс Азияның қандай елдеріне туристер көптеп келеді, не себепті.

Жаңа сабақты түсіндіру:
Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігіне Гималай таулары мен Үнді – Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Азияның құрамына Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри - Ланака, Мальдив Республикасы кіреді. Аймақтағы ең үлкен ел - Үндістан, ал ең кішкентай елдер - Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив Республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады.



Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz