Абай атамыздың Жазғытұры өлеңін жатқа айту

Скачать

Бастауыш сынып мұғалімі Чалбасова Жанар Мырзатайқызы

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Көктем келді. М. Әлімбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көктем келді өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру, өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, талдау, салыстыру, өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту, жүйелі мәнерлеп сөйлей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, бірін - бірі сыйлауға, табиғатты сүйіп, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Cұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау, тірек сызба
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ақындардың портреті, тірек сызба, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі
Күтілетін болжам: Жаңа сабақты меңгереді, М. Әлімбаевтың өмірбаянымен танысады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
Сыныпты үш топқа бөлу:
1) Жауқазын
2) Бәйшешек
3) Қызғалдақ

Әр топ өз аттарын 1 шумақ өлеңмен қорғайды.
1 - топ. Жауқазын.
Жасыл дөңге, көк белге,
Жаңбыр төгіп өткенде,
Жауқазындар бүр жарып
Құлпырады көктемде.

2 - топ. Бәйшешек.
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.

3 - топ. Қызғалдақ.
Ақ жаңбырға шомылып,
Туған жердің алабы,
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Әр топтан 1 оқушыға Әнуарбек Дүйсенбиевтің Атай өлеңін мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
– Өлеңнің мазмұны кім жайында?
– Өлеңдегі негізгі ой не?
– Өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылады?
- Сурет бойынша көктемгі еңбек түрлерін ата.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Сөзжұмбақ шешу.
- Мына суреттердің бірінші әрпін алып сөз құрасаңдар, бүгін танысатын өлеңнің аты шығады.
К - көбелек К - көкек
Ө - өрмекші Е - елік
К - көгершін Л - лақ
Т - түлкі Д - дуадақ
Е - ешкі І - ін
М - мысық
Сөзжұмбақтың шешуі: Көктем келді

Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдік, төменге қарап жер көрдік
Оңға, солға бұрылып, егеменді ел көрдік.
Бір, екі, үш, бойға жинап күш!
Айтқан тілді аламыз, біз бақытты баламыз!
- Бүгін Мүбарак Жаманбалинов пен Мұзафар Әлімбаевтың Көктем келді өлеңдерімен танысамыз.

а Автормен таныстыру:
Мүбәрак Жаманбалинов - 1924 жылы Павлодар облысының Железинка ауданындағы Тәттімбет деген ауылда туған балалар ақыны.

ә Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқыту.
І топ.- Өлеңді жазған кім?
ІІ топ. – Өлең жылдың қай мезгілі жайлы?
ІІІ топ. – Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?

б Өлеңге сай қимыл қозғалыс жасау.
- Келесі танысатын өлеңіміз Мұзафар Әлімбаевтың Көктем келді өлеңі.

а Автормен таныстыру:
Мұзафар Әлімбаев - 1923жылы 29 қазанда Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған жазушы, ақын. 300 өлеңіне ән жазылған. Өлеңдері 38 тілге аударылған.
ә Өлеңді мәнерлеп оқу.
б Әр шумақты жеке - жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.
в Өлеңді әр топқа дауыстап оқыту.
г Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау:

1 - тапсырма. Көктем белгілері:
І топ. Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.
ІІ топ. Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
ІІІ топ. Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді. Жердің беті кілем төсегендей құлпырады.
2 - тапсырма. Екі өлеңді салыстыру.

Шығармашылық тапсырма:
І топ. Слайд бойынша Көктем келді тақырыбына эссе жазу.
ІІ топ. 5 жолды өлең құрастыру.
ІІІ топ. Көктем тақырыбына сурет салу.

ІҮ. Сабақты қорыту:
І топ. М. Әлімбаевтың 1 өлеңін жатқа айту.
ІІ топ. Абай атамыздың Жазғытұры өлеңін жатқа айту.
ІІІ топ. Қазақтың Жаңа жылы қашан тойланады? Наурыз көже қалай жасалады?

Ү. Үйге тапсырма:
М. Жаманбалинов пен М. Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту.
Бағалау.


Скачать


zharar.kz