Сақинадан сақинаға секіру

Скачать

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасы
ІІ-санатты тәрбиеші Шынар Мүберекова

Денсаулық білім беру саласы
Қош келдің, Қыс мезгілі
Мақсаты: Балалардың қимыл – қозғалыстың шапшаңдық реакциясын дамыту, ынта – ықыласын тәрбиелеу, секіру мен жүгірудегі жетістіктерін дамыту; ойын, жарыс кезіндегі балалардың шешім қабылдай білулерін, төзімділігін, батылдығын мадақтау, рахаттылық сезімін жеткізу.
Құрал жабдықтар:
2 жүк көлігі, құммен толтырылған 20 қапшық, 10 сақина, 2 доп, 10 текше, жаңғақтар, 2 себет, 2 гимнастикалық орындық.

Мотивациялық кезең:
Тәрбиеші: Балалар, бізге хат келді. (хатты ашып оқиды)
О, бізге бүгін үлкен қонақ келеді. Кім екенін тауып көріңдерші. (Балалар жауап беру үшін қыс туралы жұмбақ жасырады).
Қар жауады,
Күн тез батады,
Бұл қай кезде болады? (Қыста).
Қыс келді, жел тұрды, қар жауады аспаннан (Қыс мезгіліндегі боран, сықырлығын қардың дыбысын үн таспадан тыңдайды).
Қыс: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен - қыс боламын сендерге қонаққа келдім. Сендер мені күттіңдер ме?
-- Қош келдің қыс айы, біз өте қуаныштымыз.
Қыс:
- Менің аязыма тоңып, суық боранымнан қорықпайсыңдар ма?
- Жоқ, бізде бүгін қыс мерекесі болуы мүмкін бізге өз тапсырмаларыңды ұсынарсыз, ал біз оны қуана - қуана орындаймыз, өйткені біз суықтан тоңбаймыз.
Жарысқа қатысушылар осындай екі командадан тұрады: Ұлпалар мен Ақшақарлар .

Ізденушілік - ұйымдастырушылық кезеңі:
1 - тапсырма. Кім шапшаң жүк машинаны ақшақармен толтырар екен .
2 - тапсырма. Гимнастикалық орындықпен жалауға дейін еңбектеу .
3 - тапсырма. Текшелердің арасымен екі қолмен допты жыланша сырғанату. Текшелердің ара қашақтығы 1 метр қашықтықпен орналасқан.

Көрермендерге арналған ойын. Тиін және жаңғақ .
Мүмкіндігінше, көп жаңғақтарды теріп үлгеру қажет.
1 - тапсырма. Кім ақшақарды көп жинайды екен . (топ басшыларына арналған сайыс).
2 - тапсырма. Гимнастикалық орындықпен жалауға дейін еңбектеу.
3 - тапсырма. Сақинадан сақинаға секіру .
Рефлекциялық кезең:
Қыс:
Маған сендердің батылдықтарың, шапшаңдықтарың ұнады. Дегенмен жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Бүгінгі жарыстың жеңісі Ақшақарларда менің сендермен әлі де кездесемін. Сол жарыста Ұлпақарлар өз батылдықтарын көрсетеді деп ойлаймын. Бірақ, менің кететін уақытым да болды. Мен тағыда сендерге келемін деп балаларға өз сыйлықтарын үйлестіреді
Күтілетін нәтиже:
Негізгі қимыл-қозғалыстарды жаңғыртады, бекітеді


Скачать


zharar.kz