Әулиекөл ауданы әкімдігінің
№ 2 Аманқарағай орта мектебі ММ.
Туребекова Л. М.
Математика 1 сынып
Тақырыбы: Өткенді қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: өздік, жұптық, ойын, қайталау.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз.
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Тілек шоғы (бір - біріне жақсы тілек айту)
(бағалау парақшасын тапсырмаларды орындауда баға қойып отыруды түсіндіріп кету)
2. Үй тапсырмасы: о Мен бастайын, сен қоста (өткенді қайталау)
1. Қосудың компоненттері........ (оқушы жалғастырады)
2. Азайтудың компоненттері..........
3. Цифр......(0.... 9)
4. Сан........ (цифрлардан құралады)
5. 1 - ден 10 - ға дейін кем ретімен сана.....
6. Теңдеу дегеніміз...(құрамында белгісіз саны бар тура теңдік)
3. Қызығушылығын ояту
- Берілген өрнекті дұрыс шешсеңдер бүгінгі сабақтың тақырыбын білесіңдер.
Қ) 6 + 2 =
а) 6 - 3 =
л) 8 - 2 =
т) 9 - 4 =
а) 0 + 3 =
а) 7 - 4
й) 5+2
у) 4 + 5 =
4. Жаңа сабақ: жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Көркем жазу.
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Түп - түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
1, 2....... ( осы цифрлардан сандар құрастырып жазыңдар)
12, 21
№1 өздік жұмыс ( жауабын интер активті тақтада тексереді)
а + 4; а= 2, 6, 3
2+4=6
6+4=10
3+4= 7
№2 жұптық жұмыс
2 + Х = 7 ----------------------- 9 – Х = 5
х = 7 - 2 ----------------------- х = 9 – 5
х = 5 ----------------------- х =4
2 + 5 = 7 ----------------------- 9 – 4 =5
7=7 ----------------------- 5=5
№3
Қабырғасы 5см болатын шаршының периметрін тап?
Р=a+a+a+a
Р =5см+5см+5см+5см=20см
Сергіту сәті: Көңілді күн
№4
Сурет бойынша есеп құрастыру(ауызша )
Болды - 4(к)
Ұшып келді – 3(к)
-?(к)
Ш: 4 + 3= 7 (к)
Жауабы: 7 көгершін
№5
Өрнектеп жаз
10мм =... см
1 дм =... см
1кг=..... гр.
1сағ =... мин
1тәул=.... сағ
1т=.... кг
“Жоқ санды тап” ойыны (ауызша)
5 - 3=2
5+5=10
2+8=10
10 - 3=7
Логикалық есеп:
1. Алматта үш асық,
Санатта екі асық..
Қанатта бір асық,
Ал менде төрт асық,
Барлығы неше асық?
2. Қоян қорқып құмда тұр,
Бұзау үркіп шымда тұр.
Сүңгіп кетсе екеуі,
Нешеу екен шын батыр?
Қортынды:
Тест. ( жауабы тақтада тексеріледі)
1. 3 пен 5 тің қосындысы
2. 10 мен 6 - ның айырмасы
3. - Мен бір сан ойладым, егер одан 2 - ні азайтсақ, нәтижесі 5 болады. Мен қандай сан ойладым?
4. Ең үлкен бір таңбалы санды жаз.
5. 13 санын разрядқа жіктеп жаз
Критерилер бойынша өзін - өзі бағалайды.
Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек
Толық нұсқасын жүктеу