Қане балалар қандай сурет құрастырдыңдар

Скачать

Білім саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қысқы ойындар
Мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша балалардың сөздік қорын молайту; Сөз, сөйлем ойлау қабілеттерін дамыту; Өз тәжірибесін қолдану арқылы сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, түйсігін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз жолдастарының пікірін назар салып тыңдай білу дағдысын қалыптастыру.
Сөздік жұмыс: Күртік қар, ұлпа қар.
Көрнекілігі:
1. Шаңғышы, коньки тебуші, велосипедші, шана бейнеленген суреттер;
2. Қысқы ойындар видеотаспасы;
3. Дидактикалық ойын Суретті құрастыр
4. Туыс сөздер ойынына қатысатын демонстрациялық суреттер.
5. Сазды әуен.( педагогтың таңдауымен)
Әдіс – тәсілі: Көрсету, баяндау, сұрақ – жауап.

Мотивациялық – қозғаушы
Тыныштық сәт і (әуенмен) Аққала
Мақсаты: Балалардың психо-эмоционалдық жағдайын, бұлшық ет жүйесінің жұмысын жақсарту.
Жүрісі: Балалар дөңгеленіп тұрады. Көздерін жұмып, денесін бір қалыпты күйге түсіреді. Айналаның бәрі аппақ қар. Балалар қардан аққала жасай бастады.. Алдымен оның денесін, басын жасады. Енді оның екі жаққа созып тұрған қолын ағаш бұтағынан жасады. Басына шелек кигізіп, көзін, мұрынын салды.. Аққала үлкен әрі әдемі болып аяғын нық басып тұрды. Ол балаларға қарап жымиып тұрғандай болды Балалар қатты қуанды. Көзімізді ашамыз.
Іздену ұйымдастырушы
Педагог балаларға сұрақ қояды.
Педагог:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Сендердің әрқайсыларыңның қыс кезінде сүйіп ойнайтын ойындарың бар. Осыған орай біз қазір
Сөйлемді аяқта ойынын ойнаймыз. Балалар бір – біріне қар ұшқынын( қаршық) беріп тұрып, Мен қысты жақсы көремін, өйткені... деп сөйлемді аяқтайды. Келесі бала да осылайша жалғастыра береді.
Балалардың жауабы.
- Қыста мен қар лақтырып ойнағанды ұнатамын.
- Қыста мен аққала жасаймын.
- Қыста мен коньки тебуді ұнатамын.
- Қыста қардан мұнара тұрғызамыз.

2. Педагог:-- Ал, балалар енді тақтаға назар аударыңдаршы.
Не артық ойыны ойналады.
Тақтада шаңғышы, конькиші, шана сүйреген бала және велосипедші бейнеленген суреттер ілініп тұр. Балалардың жауаптары.
Велосипедшінің суреті артық, өйткені қыста велосипед теппейді, ал қалған суреттер спорттың қысқы түрлеріне жатады.
Педагог: - Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Біз қыста қалай ойнаймыз? Сендер суретке қарап, әңгіме құрастырасыңдар.

3. Балалар топшаларға бөлініп отырады. Әр топша үшін үстел үстінде 8 – ге бөлінген сурет бөліктері жатыр.
Педагог: - Балалар, енді біздер Суретті құрастыр деп аталатын ойынды ойнаймыз.
Балалар бір – бірімен ақылдаса отырып, суретті құрастырады.
- Қане балалар қандай сурет құрастырдыңдар?
Балалардың жауаптары.
- Қар ұшқыны не қаршық, қарға, ақшақар. Педагог осы ретпен суреттерді тақтаға орналастырады.
- Осы суреттердің атауларында қандай ортақтастық бар?
Балалардың жауабы.
- Барлығында қар сөзі кездеседі.
Балалар интерактивті тақтадан қысқы ойындар бейнеленген көріністерін видеотаспа арқылы тамашалайды.
Педагог:-- Балалар, осы мезгілге байланысты қар сөзін қатыстырып, тағы қандай сөйлем құрастыруға болады?
- Қар жауып тұр. Жерде күртік қар жатыр. Ағаштар қар жамылып тұр.
Педагог: - Сендер өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар.
Тіл ұстарту.
Ыс - ыс - ыс, келіп жетті қыс
Ар - ар - ар, жауып жатыр ақша қар

4.- Балалар, енді алдарыңдағы әліппе дәптердің белгілеп қойған бетін ашып, ондағы суреттерге назар аударыңыздар.
Балалардың жауабы:
- Кірпі шанамен зырлап барады.
- Қояндар конькимен сырғанап жүр.
- Ит шаңғы теуіп келеді.
- Түлкі хоккей ойнап жүр.
Педагог:
- Балалар, осы көріністерді бір сөзбен қалай атауға болады?
- Қысқы ойындар немесе спорттың қысқы түрлері.
Педагог қыс туралы өлең жолдарын балалармен бірге айтады.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады
Жып жылтыр боп жатады.
Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса жаусын ақша қар.


Скачать


zharar.kz