Түстермен бөліну

Скачать

Бөлім: Салт - дәстүр және фольклор
Бөлімше: Теңге. Монета және қағаз ақша
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары. Теңге ілу ойыны
2 сынып
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2. 1. 3. 6 - 5, 10, 50, 100 теңгелік монеталарды, 200 теңгелік, 500, 1000 теңгелік купюраларды ажырату және түрліше төлем жасау, олармен амалдар қолдану
Сабақ мақсаттары: Монеталар (теңге) және олардың құндылық номиналдары туралы біледі.
Бір - бірінен ажыратады, ақшаны пайдаланып, есептер құрастыра алады.
Монеталармен әр түрлі амалдар орындай алады.
Жетістік критерилері:
Барлық оқушылар білу керек: Монета (теңге) номиналдарды таниды, атайды, тауардың ақшасын төлеуде теңгелерді дұрыс пайдаланады.
Көпшілігі: Белгілі бір соманы теңгелерді пайдаланып, төлем жасай алады.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше қорытынды шығарып, ой - пікірін білдіре отырып, төлем жасап, артық ақшасынан қайтарым қайтара алады.
Бағалау критерийі: Монеталар мен олардың тобын салыстырады.
1 тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20 теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтайды.
Күтілетін нәтиже:
*Бағаның не екенін білетін боласың;
*Монеталардан қажет соманы құрастыруды үйренесің.

Сабақтың басы 1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сәлем! – деймін достарға,
Шаттық әнге басамын.
Жалықпаймын сабақтан,
Оқимын да жазамын.
Білім нәрін таратқан,
Ұстазда ылғи назарым..
Білмегенді білейік,
Бірге ойнап жүрейік.
Әрқашан да амандық,
Баршаңызға тілейік.
ІІ. Топқа бөліну. Түстермен бөліну

ІІІ. Үй тапсырмасы. 2 - 5 сандарына көбейту және бөлу кестесін жаттау.
Тапсырмалар

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
4. Ой қозғау. Өткенді еске түсір стратегиясы,
- Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады? Теңге
- Теңге қай жылы айналысқа енді? 1993 жылы 15 қарашада
- Монеталардың сыртында не бейнеленген? ҚР елтаңбасы
- Теңге күні қай күн? 15 қараша
- Ақша деген не? Ақша айырбас құралы
- Монета деген не? Заттарды сатып алу үшін қолданылатын металл ақша
- Қандай монеталар бар? 1. 2. 5. 10. 50. 100 теңгелік монеталар
- Баға деген не? Заттың қанша тұратынын білдіреді.
- Тура төлем деген не? Сатып алған заттың ақшасын қайтарымсыз дәл төлеу
- Ақшаны не үшін ұсақтайды? Тура төлем жасау үшін
Мақал - мәтелдер
1. Теңге тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз дүние жоқ.
3. Алтын тапсаң санап ал.
4. Ақша кетуге тырысады, көз ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе дария болар.
6. Шашу оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
8. Судың да сұрауы бар.
9. Ақшада есеп жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады.
11. Жүз сомың болғанша...
12. Мал - баққанға, ақша – адалдан тапқанға бітеді.
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Болашақтың бастауы
Теңгеменен дөңгелер.

5. Оқулықпен жұмыс. 46 - 47 беттер
1 тапсырма: Практикалық жұмыс.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп КММ - сі
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Енсегенова Света
Қазақтың ұлттық ойындары Теңге ілу ойыны жүктеу


Скачать


zharar.kz