Теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында кескіндеуге есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

Скачать

Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтарының бірігуі, қиылысуы
Сабақтың мақсаттары:
 Білімділік: Теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында кескіндеуге есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
 Дамытушылық: Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
 Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру бекіту сабақ.
Болашақта танып білетін пәндерге саяхат сабағы

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Блум таксономиясын қолдану.
бүгінгі тақырыпқа байланысты ережелерді еске түсіру. 5 - мин
1. Білу. Математика әлемі
Математика — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.

Өтілген материалдар бойынша сұрақ – жауап
Қандай сан аралығын білесіңдер?
Қандай сан аралығы интервал деп аталады?

2 Түсіну. 10 мин Алгебра әлемі
Алгебра: — математиканың алгебралық теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл - Хорезмидің (9 ғасыр) 1 -, 2 - дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген “Әл - джәбр уә - л - муқабәлә” атты еңбегінен бастау алады. Ал, Омар һайям (1038 1048 — 1123 1124) 3 - дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің “Алгебрасын” жазған. Орта ғасырлық Шығыс ғұламалары гректер мен үнділіктер математикасын түрлендіріп, қайта өңдеп Еуропаға табыс еткен. Амалдарды белгілейтін таңбалар енгізу нәтижесінде Алгебра одан әрі дамыды.
Бірінші топқа: Берілген аралықтарды бір координаталық түзуге салыңдар
Екі рет штрихталған аралықты табыңдар
Тақырыпты оқып түсіндіріңдер.
Екінші топқа: Берілген аралықтарды бір координаталық түзуге салыңдар
Жалпы штрихталған аралықты анықтаңдар.
Тақырыпты оқып түсіндіріңдер.


Скачать


zharar.kz