Ойлап тапқан аналар

Скачать

Тақырыбы: Ана –біздің қуанышымыз
1 жүрг:Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып –деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 –наурыз мерекесі келіп жетті.
2жүрг: Сіздер ер –азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім –шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.

Мұхтар мен Еркежанның құттықтау сөздері:
Ән: Ақ мамам (келші, келші)
Рахат: Анамды жақсы көрем, сағынамын
Айтқанынан шықпаймын бағынамын
Ол –көзімнің қарасы болса егер
Мен –оның жанарының ағынанмын
Ислам: Айналдым ана деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы; Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
(Балалар орындыққа отырады)
1жүрг: Құрметті қонақтар! Сөзді ағылшын тілінің мұғалімі

Зауре Хамзиқызына берейік. Балалардың ағылшын тілінде айтатын тақпақ, өлеңдерін қабыл алыңыздар.
(Тамерлан, Малика, Алихан.) Нурия, Данил, Амиржан
2жүрг: Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе –жердің көркі демекші -8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын –демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, Рахаттың орындауында 16 қыз
әнін қабыл алыңыздар.
1жүрг: Бар ана туған елдің гүлі дер ем –деп гүл сыйлау ойынын ойнаймыз. (шартын түсіндіру)
Гүлді, мына кедергілерден өтіп, анамызға сыйлап, бетінен сүйеміз. 1қатарға -4 баладан, 2 қатарға 4 баладан тұрады.
2жүрг: Бала тілі –бал дегендей балалардың шын көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай тілек тілер едіңдер –деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген балаларың жылы лебіздерін оқып берейін.

Тілектерін оқу.
1жүрг: Иә, аналар, балаларыңыз айтқандай, ауырмаңыздар, бақытты болыңыздар, әрдайым әдемі, сүйкімді болыңыздар.
2жүрг: Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз, балалардың ана туралы лебіздерін тыңдайық.
Асар: Еркелеттің асырадың
Мойныңа кеп асыламын
Аман болшы, ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
Гүлім: Ең бақытты өмірде
Ана екенін біліңіз
Ана жанын түсініп
Ойнаңыз да, күліңіз

Абулмансур: Әр сөзіңді жаттағам, жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам, айналайын ақ мамам
Данил: Ана –біздің күніміз
Ана –біздің гүліміз
Анамыздан тарайды
Біздің ана тіліміз
Даниела: Әлпештеген баласын
Ана –бақыт, ана –күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын
Алан: Баланың да тірегі
Ананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Ойын: Кімнің даусы табайық (аналармен)
5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным –дейді.

5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
1жүрг: Мерекеге арнаған балалардың әзіл –сықақ ән шашуын қабыл алыңыздар. Су тасушы қыз
2жүрг: Дүиедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз. Қазір Аружан, Малика, Алуа, Жамила Гүлден әжелеріне арнаған өлең жолдарын жолдағысы келіп отыр.
Аружан: Әже деген көп шығар
Әжемдейі жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Алуа: Айналайын дегені, жанға рақат береді
Көңіліңді табады, әнді қалай салады.
Малика: Анам менің аялаған
Құшағынан сая табам
Қанша жақсы болса –дағы
Сендей ана қайда маған
Жамила: Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем

Гүлден: Атам мені құлыншағым дейді
Әжем мені боташым дейді
Әкем мені шырағым дейді
Шешем мені қозым дейді
Ал, шынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын
1жүрг: Міне, балалар, бізді еркелеткенде ата - әжелеріміз, төрт-түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады екен. Кейбір балалардың аты да, осы төлдерге сәйкес болады. Мысалы: Ботакөз, Бота, Тайлақ, Тана. т.б.
2жүрг: Міне, осы боташым қозым, ботақаным деп жақсы көріп, еркелеткен әжелерге арнап, әжетайым әнін жолдаймыз.
Ән: Әжетайым
Ойын: Ине сабақтау
Әжелеріміз инесіз іс тікпейді.

1жүрг: Әжемізге ине сабақтауға көмектесейік. Үстел үстіндегі
инені қолымызға ұстап, мына жіпті иненің көзінен өткізіп,
ұштарын бірдей етіп теңестіреміз, болған бала инені жоғары көтереді.
2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата –анасымен бақытты –деп, Темірлан, Абылай, Аделяны ортаға шақырайық.
Темірлан: Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
хормен; Ойлап тапқан балалар!
Абылай: Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан аналар!

Аделя: Ана –біздің күніміз
Ана –біздің гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
1жүрг: Ал келіңдер, келіңдер
Біріңе –бірің еріңдер
Ойларыңды жинақтап
Ойынға қатысып көріңдер!
Ойын: Кубиктерден гүл құрастыру
Мына кубиктерді құрастырсақ екі түрлі гүл шығады. Қане құрастырып көрелік. 2 бала шығады. Гүлдің атын атау
2 жүрг: Дүниедегі ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?
Аналарымыздың құрметіне Анашым әнін орындап берейік.
Ән: Анашым (ел жатқанда жатпаған)
1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді –деп барлық аналарға, әжелерге Мади бата
беремін деп отыр.
Мәди: Уа, құдайым оңдасын
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт –ашып қақпасын
Мәңгі –бақи жаппасын
Бәле –жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!

Мұхтар мен Еркежанның сөзі соңғы:
Е: Ана мен баланың айырмасы
Бірі әнде, бірі оның қайырмасы
М: Болғанда әке –дәулет, ана –бақыт
Тағдыр оларды бір –бірінен ешқашан айырмасын
2 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
1 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей

Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Енді ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір –бірлеп таратады.
2 жүр: Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарын тапсырады.


Скачать


zharar.kz