Сыныбы: 8
Химия
Сабақтың тақырыбы: Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Экзо, эндотермиялық реакцияларды қайталай отырып оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіру, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: зертханалық жұмыс, кітаппен жұмыс
САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеп, кітап дәптерлерін аштырып, сабаққа назар аудартамын
ІІ. Қызығушылықты ояту
1. Миға шабуыл
1. Заттар нешеге жіктеледі? Жай және күрделі заттар дегеніміз не?
Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипаттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал. ат. массасы, молекуласы, сал. мол. массы, валенттілігі, периодтық кестеде орны бар, аллотропиялық түр өзгерісі бар)
3. Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз
4. Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция, ол нешеге жіктеледі?
2. Семантикалық карта
ІІІ. Мағнаны тану
1. Мені тап
Мен судың арғы тегімін,
Серігімін оттек атты серінің.
Ежелден ең жеңіл газбын,
Оттекке қарағанда азбын.
1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,
Ғаламшарда 92 пайызбын.
Бармын газбен көмір, мұнайда,
Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)
2. Бүгінгі сабақтың тақырыбы (тақтамен, дәптермен жұмыс
Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз. Ең көп тараған қосылысы - Н2О
Күн жүйесі планеталарының 92%- ін сутек атомы құрады.
Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.
Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.
Жер қыртысындағы сутектің мөлшері: