Жазғытұры өлеңі

Скачать

Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Жазғытұры өлеңі.
Мақсаты: Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың Жазғытұры өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Міндеттер:
Өлеңдегі ақынның көңіл - күйін сезіне отырып, бейнелі сөйлей білуге машықтану;
оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету;
өзіндік пікір қалыптастыру арқылы тапсырманы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойларды жинақтай білу;
қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатты аялай білуге табиғаттың сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: RAFT , Сергіту жаттығулары, Болжау , Алтын баған , INSERT , Миға шабуыл , Жұптас, ойлан, бөліс стратегиялары.
Көрнекілігі: а) сабаққа қажетті техникалық құралдар: интерактивті тақта(слайд, сурет салу, дыбыс)
ә) қажетті көрнекілік құралдар: үлестірмелі материал
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану
Күтілетін нәтиже:
- бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауыз екі тілде қолдана біледі;
- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;
- табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды, Абай шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.


Скачать


zharar.kz