Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру

Скачать

Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - жыл басы
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, нақыл сөздер, қазақтың салт - дәстүрлері туралы суреттер.

Шаттық шеңбер: ( Балалар ортаға шығып, шеңбер жасайды. Көктемге ризашылықтарын білдіріп, өлең жолдарын айтады.)
Көктем келді, шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай - ау, алақай,
Көктем қандай, көктем қандай көңілді!

Тәрбиеші: - Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балалар.
Көктем шуағы мол, адам баласына мол ырыс - құт әкелетін мезгіл. Көктемде мал төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, жерге егін егіліп, диқаншылардың жүздеріне шуақ кіретін, үлкен - кіші шаттанып қуанатын мезгіл. Бұл мезгілде аспандағы күннің шуағы молайып, жердегі қарды ерітіп, жер дүр сілкініп, көгере бастайды. Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары жыл басы деп санаған. Бұл күндері бар адамзат пен бірге табиғатта наурыз тойын тойлайды. Наурыз - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Жаңа күн дегеніміз - адамдардың өткен жылдағы өкпе реніші басылып, жаңа күнді қайта бастауы. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т. б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді.
- осы күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
- Бұлақ көрсең көзін - аш - деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады. -
Бір тал кесең, он тал ек - дескен қариялар бұлақбасына тал егеді. Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, “Армысың қайрымды Күн - Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және кеудесі түкті жер - Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді екен, міне осындай игі дәстүріміз бар. (слайд көрсету)


Скачать


zharar.kz