Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Киім дүкенінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Дүкен тақырыбы бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, киім тақырып бойынша түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыру, дұрыс сөйлем құрауға үйрету.
Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыра отырып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, оқулық. карточкалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:.
Оқушылармен сәлемдесу.
- Бүгін кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?
ІІ. Фонетикалық жаттығу
Дүкенге бардым.
сатып алдым
1. Мұғалім оқиды
2. Оқушылар оқиды, суретті атауын атайды
3. Ө қандай дыбыс? Ө дыбысына сөздер құраңдар
4. Көйлек сөзіне фонетикалық талдау (ауызша)
Лексикалық жаттығу
Қай дүкенде не сатылады? (Суретті дұрыс қою керек)
Үй жұмысын тексеру
Сөйлесім жаттау Дүкенде ойыны
Жаңа сабақ Тақтада сурет көрсетіледі.
- Мынау не?
- Ол қай көшеде орналасқан?
- 2 қабатында қандай бөлімдер бар?
- Олай болса, бүгінгі тақырымыз не туралы?
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Не білеміз? Не үйрендік?
Киім атауларын, Дүкен тақырыбы бойынша сөздерді
Болат деген бала қонаққа келді. Бізден көмек сұрап тұр. Тапсырмаларды орындау арқылы киіндіруіміз керек. Көмектесеміз бе?
Сөздікпен жұмыс
Ерлер киімі - мужская одежда
әйелдерге арналған киімдер - одежда для женщин
сыпайы - вежливый
мейірімді - добрый
қызмет көрсетеді – обслуживает
Мынау маған дәл екен. Осыны аламын
– Эти мне подойдут. Я возьму.
Киіп көруге бола ма?
- Можно примерить?
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар хормен, жекелей оқиды.
3. Сөз тіркес, сөйлем құрайды
4. Жазады
Мәтінмен жұмыс
Кеше мен киім дүкеніне бардым. Ол үлкен, әдемі, үш қабатты. Онда бірнеше бөлім бар. Бірінші қабатта балалар киімі сатылады. Екінші қабатта ерлер киімі бар. Ал үшінші қабатта әйелдерге арналған киімдер бар. Барлық бөлімдерде сыпайы, мейірімді сатушылар қызмет көрсетеді. Мен өзіме шалбар сатып алдым.
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар оқиды, аударады.
3. Сұрақтарға жауап береді
Топтық жұмыс Кім жылдам
І топ. ІІ топ.
Мына шеңберде мақал - мәтелдер жасырынған. Сағат тілімен 2 жол тастап оқысаңдар, мақал - мәтелдерді табасыңдар.
Деңгейлік тапсырма
1. Сұраққа жауап бер. Сен не сатып алдың? Ол неше теңге тұрады?
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз, аудар
Азат әкесімен............ келді. Дүкеннің бірінші қабатында........ бөлімі бар. Әкесі Азатқа ақ......, көк....... сатып алды.
Керекті сөздер: бөкебай, етік, дүкенге, ерлер
Киім дүкенінде сөйлесім құра, әңгімеле
Қорытындылау
- Балалар, бүгін сабақта не істеді?
- Не үйрендік?
- Біз Болатқа қалай көмектестік?
Үй жұмысын беру
Бағалау