Балаларымен ойын

Скачать

Мақсаты: Балалардың күз туралы ұғымын кеңейту, спортқа қызығушылығын арттыру, ата - аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: күзгі өнімдер, қолшатыр, жапырақтар, кішкене қапшықтар, ойыншық машиналар және де басқа да, эстафеталық жарысқа қажетті құралдар.
Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Дене тәрбиесі жетекшісі: Қош келдіңіздер, құрметті спорт сүйер қауым. Міне кеше ғана өзінің берекесі мен молшылығын ала келген алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған эстафеталық сайысқа топ тәрбиешілері ата - аналарымен және балаларымен бірге қатысады.
Ендеше сайысқа қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.
Алтын кілт тобынан Ермауытовтар отбасы, папасы Ермауытов Айдын, мамасы Өмірзақова Жанар, балалары Ислам және тәрбиеші Тілеуниязова Жансая.
Күншуақ тобынан Жұмағұловтар отбасы папасы Жұмағұлов Еркін, мамасы Түктібаева Қарлығаш, балалары Ақжан және тәрбиеші Изенова Зухра.
Балдәурен тобынан Баймахановтар отбасы папасы Баймаханов Ержан, мамасы Дүйсенғалиева Әсия, балалары Ерболат және тәрбиеші Серікбаева Клара.
Әділқазылар алқасы сайланады.

Сайыс 7 турдан тұрады.
1 - тур. Жаңбыр жауып тұр
Шарты: Аяқтарына резеңке етік, қолдарына қолшатыр ұстап кедергі арасымен жүгіріп барып, кедергі арасымен жүгіріп қайту.

2 - тур. Ауланы тазартайық
Шарты: Сарғайып түскен жапырақтарды жинап, межедегі шелекке салып, кедергі арасымен жүгіріп қайту

3 - тур. Картоп егу
Шарты: Әр кедергінің түбіне картопты егу, қайтарда жинау

4 - тур. Сәбіз тасу
Шарты: Әр ойыншы машинамен кедергі арасымен барып, 1сәбізден салып алып, кедергі арасымен қайтады
5 - тур. Жуа жинау
Шарты: Ортада үйіліп жатқан жуаларды үш топ ұзыннан тұрып өз үйлеріне тасиды.
6 - тур. Қырмандағы астықты қоймаға тасу
Шарты: Әр ойыншы кішкене қапшықтарды қырманнан біртіндеп өз қоймаларына тасу.
7 - тур. Топ мүшелерімен жеке ойындар
Мамаларымен ойын: Көкөністерді іріктеу . Шарты: Көзі байланған мамалар көкөністерді іріктейді.
Балаларымен ойын: Не жоқ? . Шарты: Балаларға көрсетпей көкөністерді жасырып, не жоқ екенін сұрау.
Папаларымен ойын: Отжимание жасату
Апайларымен ойын: Кім жылдам? Шарты: Картоп, жуа, сәбізді жылдам аршу.
Ойын арасында жанкүйер балалар Жаса Қазақстан , Қырманға кел, қалқатай , Көк тудың желбірегені әндерін орындайды.
Жеңімпаз топтар марапатталады


Скачать


zharar.kz