Математика 2 - сынып
1. Санды өрнектерді салыстыру
2. Теңдеу шығару
3. 21-ден 100-ге дейінгі сандар
Тақырыбы:
Мақсаты: 1) теңдеулерді күрделі түрінен қарапайым түріне айналдыра отырып, шығарудың тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау; 2) шапшаң есептеу дағдыларын, геометриялық тапсырмаларды орындай білу дағдыларын дамыту;
3) пәнге қызығушылығын тәрбиелеу.
Көрнекілік: ауызша және жазбаша орындауға арналған дидактикалық құралдар
Әдісі: ойын, көрнекілік, топпен жұмыс, ізденісті – проблемалық жағдаят., АКТ технологиясы.
Түрі: жаңа білім игеру сабақ.
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Топтар құру, Ұрандарын айтқызу
Ақылдылар: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ!
Шапшаңдар: Білекті бірді жығады
Білімді 1000 - ды жығады!
Тапқырлар: Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді!
2) – Олай болса, балалар, сабағымызды бастайық
Орындайтын есептерді
Лезде шешіп тастайық!
ІІ. Дәптермен жұмыс: Күннің жадын жазу,
1) 6, 7 цифрларынан сандар құрастырайық, оларды көркем етеп жазайық:
67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76 67 76
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Тақырыпты табуға арналған тапсырма:
Математикалық диктант: (Стол үстінде жаупты талап етіп, әріптерді көрсететін карточкалар жатады, оқушылар тиістісін кезекпен таңдап шешеді, мұғалім оларды тақтаға жабыстырады. Бәрі дәптерге жазады):
№1. 47 - ні 3 - ке арттыр - Т,
№2. 90 - ды 3 - ке кеміт - Е,
№3. 40 пен 6 сандарының қосындысын тап - Ң,
№4. 30 бен 5 сандарының айырмасын тап - Д,
№ 5. 100 санын 20 - ға кеміт – Е,
№6. 50 мен 4 - тің қосындысы - У,
№7. Азайғыш 25, азайтқыш 10, айырманың мәні қанша? – Ш,
№ 8. 60 - ты 30 - ға кеміт - Ы,
№9.. 81 - ді 7 - ге арттыр - Ғ,
№ 10. 6 мен 40 - тың қосындысы - А,
№11. Х пен 2 - нің қосындысының мәні 9, Х – ты тап.- Р,
№ 12. 43 пен С - ның айырмасының мәні 40, С неге тең?- У.
Жауабы: 50, 87, 46, 25, 80, 54, 15, 30, 88, 46, 7, 3
Т Е Ң Д Е У Ш Ы Ғ А Р У
2).- Енді, балалар, теңдеулер құрастырайық, оларды шешейік (суреттер беріледі)
ТАҚТАҒА немесе ПЛАКАТҚА орындау (Әр топтан 1 бала орындайды)
І - ТОП:
34+Х═27+33
34+Х ═60
Х═60 - 34
Х═26
34+26═27+33
60═60
ІІ - ТОП:
34+Х ═ 100
Х═ 100 - 34
Х═66
34+66═100
100═100
ІІІ - ТОП:
Х +30 ═ 20+ 38
Х+30═58
Х═58 - 30
Х═28
28+30═20+38
58═58
(Оқушылар дәптерлерінде орындайды)
3) Ізденісті проблемалық жағдаят жасау:
Теңдеудің жаңа түрін шығарту. (Суретін көрсету)
- Осы суретке теңдеу құрастырыңдар:
(Тақта мен дәптерге жазу)
24+Х ═ 30 - Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма?
- Алдымен оны жеңілдету, яғни қарапайым түрге айналдыру
Х ═ 30 - 24 керек. (15+9)+Х═ 30
Х 6
(15+9) +Х ═ 30
30═30
4) ЕРЕЖЕ: → слайд №3
Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін алдымен есептеуге болатындарын орындап, оның сол жақ бөлігін жеңілдету керек.
5). Ойын: КІМ ШАПШАҢ?
Тақтада № 3 тапсырманы орындау:
І - ТОП:
35+23 +Х ═ 100
58+Х ═100
Х ═ 100 - 58
Х ═ 42
35+23 +42 ═100
ІІ - ТОП:
Х - ( 23 +17) ═60
Х - 40 ═ 60
Х ═ 60+40
Х ═100
100 -(23+17) ═ 60
ІІІ - ТОП:
70 - а ═ 8+9+2
70 - а ═ 19
а ═ 70 - 19
а ═ 51
70 - 51 ═ 8+9+2
ІҮ. Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оңай - ақ!
1, 2, 3 – отырамыз тып - тыныш.
- Балалар, алтын уақытымызды үнемдейік!
Ү. Баспадан шыққан дәптермен жұмыс:
- Балалар біз жаңа сағат болып иілдік, тәніміздің сымбатты болуын ұмытпадық. Енді сағатқа байланысты тапсырманы орындайық. Ол 40 - бетте.
1. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ТАПСЫРМА
ҮІ. Оқулық материалымен жұмыс. Есептер шығару 143 бет
ПЛАКАТҚА ЖАЗДЫРУ немесе ТАҚТАҒА
№5
а) Болды – 56 м сым ----------------- Алынды - 14 м сым
Қалды – 14 м сым -------------------- Қалды -?, сонша
Алынды - х ---------------------------- Болды - х
Ш: 59 - Х ═ 14 ------------------------ Ш: Х - 14 ═ 14
Х ═ 56 - 14 ----------------------------- Х ═ 14+14
Х ═42 ----------------------------------- Х ═28
Жауабы: 42 м сым қалды. ---------- Жауабы: 28 м сым болды
ҮІІ. Өзіндік жұмыс
А) Р═ 3см +3см+3см +3см ═12см
Ә) Р═ 2см+5см+2см+5см ═ 14см
Б) Р ═1см+3см +1см+3см ═8см
Әр топтан 1 оқушы шығып шешуін айтады.
ҮІІ: Рефлексия кезеңі:
- Нені үйрендік?
- Қандай жұмыстар атқардыңдар?
- Сабақ ұнады ма?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: №4 143 бет, №41, 21 бет.
ІХ. Бағалау.
- Қай топ көп фишка жинады – солар 5 алады
аз алғандар 4 алады
өте аз алғандар 3 алады