Жинақ ақша

Скачать

Экономика негіздері және қаржылық сауаттылық
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жинақтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жеке бюджетіне есеп жүргізіп және жоспарлауды тереңдетіп, кеңейтіп түсіндіру
Дамытушылық: Оқушыларға өз жинақ ақшаларын қалай көбейтуге болатынын көрсету.
Тәрбиелігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу және жинақ ақшаларын тиімді жұмсауға үйрету..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ой - қозғау

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Бүгінгі сабақты біз Ақша банкте маршруты бойынша қозғаламыз
1 кезеңі – Сапарға дайындық
2 кезеңі - Банкке барар жолда
3 кезеңі - Халық банкінен ақпарат
4 кезеңі - Банк қызметкерімен сұхбат
5 кезеңі – Жоспарлау
6 кезеңі - Салымшы атанамыз
7 кезеңі - Банктен олжамен қайту

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1 кезеңі – Сапарға дайындық (дайындық алдында үй тапсырмасына берілген сұрақтарға жауап берейік)
 Сақтандыру дегеніміз не?
(Сақтандыру - кәсіпорындар, ұйымдар, азаматтардың ақша қаражаттары есебінен зияндар орнын толтыруға арналған арнаулы сақтандыру қорларын құру)
 Қандай тауарларды сақтандыруға болады?
(Өміріңді, денсаулығыңды, мүлкіңді, апат зардаптары, бақытсыз жағдай, ұрлық, ауру шығындарының көп бөлігін өз мойнына алады)
 Қазақстан Республикасында қандай сақтандыру компанияларын білеміз?
 Сақтандыру компанияларының міндеттері неде?

Жаңа сабаққа кіріспе:
2 кезеңі - Банкке барар жолда банк туралы әңгіме айтып барамыз.
Мәтінді оқып, мәтін не туралы жазылғанын оқушылар қысқаша түсіндіру арқылы бүгінгі сабақ не туралы айтылатынын түсіндіреді.
Банк.
• Банк дегеніміз не, кім біледі? – деп сұрады әкесі.
• Мен, - деп атып тұрды Даша.
• Міне, деп ол, ішінен екі темір сом және бірнеше мыс тиындар домалап түскен кофеден босаған банкі созды.
• Бұл банк емес, банка деп жымиды әкесі.
• Қандай айырмашылығы бар? – деп Даша сұрақ қойды.
• Сенің банкаңда ақша қозғалыссыз жатады, ал нағыз банкте ақша әрқашан айналымда болады.
• Ол қалай? – деп қызығушылықпен сұрады Даша.
• Сенің ақшаң саған керегі жоқ уақытта, оны басқалар пайдаланады.
• Менің ақшамды? – деп ашумен сұрақ қойды ол.
• Әрине.
• Егер мен ақшамды алғым келсе ше?
• Ала бер. Банкке қанша ақша тапсырса, сонша ақша айналымда болады. Сен кез келген уақытта өз ақшаңды ала аласың. Сенің ақшаңды пайдаланғаны үшін, саған тіпті пайыз төлейді.
• Олар менің қанша ақшам бар екенін қайдан біледі? Егер менің көп ақша алғым келсе ше?
• Банкте есеп - шот, ал сенде бәрі жазылған жинақ кітапшасы болады.
• Ақшамды банкке тапсыруға тура келер,- деді Даша салмақпен.
• Өте жақсы. Сенбі күні пәтер ақы төлеуге барамыз, сонда өз есебімізді ашамыз,- деді анасы қызын қолдап.

Ал енді балалар айтыңдаршы бүгінгі сабақта біз не туралы әңгімелейтін боламыз?
(Оқушылар жауабы: Жинақ ақша.)
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: ЖИНАҚТАУ.

3 кезеңі - Халық банкінен ақпарат
ЖИНАҚТАУ ДЕГЕНІМІЗ - табыстың бірден жұмсалмаған, болашақта жұмсау үшін қалдырған бөлігі.
Ал енді біз оқушылар үйдегі жинаған ақша мен банкке жинаған ақша қаражаттардың қайсысы тиімді соны қарастырып көрейік.

4 кезеңі - Банк қызметкерімен сұхбат. Банк қызметкерінен тиімді жақтарын сұрастырамыз.


Скачать


zharar.kz