Ыбырайтану әлеміне саяхат 10 сынып
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз атты үздік сабақтар бәйгесіне
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз атты үздік сабақтар бәйгесіне
(Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын қорытындылау)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сын тұрғысынан ойландыра отырып, Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін анықтау.
Күтілетін нәтиже: Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын толық біледі.
Шығармаларын талдап, түсіндіреді.
Өз пікірлерін ашық айта біледі, өзгенің пікіріне құрметпен қарайды.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, СТО стратегиялары, сатылай - кешенді талдау
Ресурстар: интербелсенді тақта; презентация; бағалау парағы, А3 қағаздар, түрлі түсті маркерлер
Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі, топқа бөлу
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Ы. Алтынсариннің 175 жылдығы қатар келіп отыр, соған байланысты топқа бөлуді, жалпы бүгінгі сабағымызды осы қос мерекемен байланыстырамыз.
1) Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты өлең жолдары арқылы:
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер... Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер, Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер.
( М. Шаханов Желтоқсан алаңы )
2) Ыбырайдың 175 ж. байланысты өлең жолдары арқылы:
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;
Ата - анаң өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
( Балғожа бидің баласына жазған хаты)
2 топқа бөлу, соған байланысты топтың атын өздеріне қойғызу
1 - бекет Өнегелі өмір
Cлайдта көрсетілген сызба бойынша жазушының өмірі, шығармашылығына шолу жасау
1 – топ: Ыбырайдың шығармашылығы
2 – топ: Ыбырайдың ағартушылығы
2 - бекет Даталар сөйлейді
Слайдта көрсетілген жылдар бойынша жазушы өміріне қатысты оқиғаларды еске түсіру.
3 – бекет
Ізденген жетер мұратқа
Алдын - ала ізденуге берілген сұрақтармен жұмыс жасату:
1 - топ
Ы. Алтынсариннің шыққан тегі жөнінде не білесіздер?
Ыбырай газет шығару ісі туралы ойластырған ба?
2 - топ
Жазушының өз отбасы туралы қандай мәліметтер бар?
Мұсылманшылық тұтқасы кітабын жазу себептері қандай?
4 – бекет
Өлең – сөздің патшасы
Ыбырай поэзиясына тоқталу. Экранда берілген өлең үзінділерінің ақынның қай шығармасынан алынғанын табу, өлеңнің толық нұсқасын мәнерлеп жатқа айтқызу, екі топқа екі өлеңін сатылай кешенді талдау жасату.
5 – бекет (ойды сергіту)
Шешсең жұмбақ, сергисің бір уақ
Фольклоршы Ы. Алтынсариннің жазған жұмбақтарын жасыру:
1. Шешесі мәсісін кигенше, қызы Мәскеуге барып қалады. ( түтін)
2. Әкесі ұлын көтереді, ұлы бөрігін көтереді.
(үй керегесі, уық, шаңырақ)
3. Ақ қойым тұрып кетті, қара қойым жатып қалды.( қар мен жер)
4. Құдайдың құдіреті көп тұрар, бір кесенің ішінде екі түрлі сүт тұрар. (жұмыртқа)
5. Екі тері, екеуі де тең тері. (аспан, жер)
6. Жол үстінде – июлі қайыс. (жылан)
7. Кішкене ғана безер, дүниені кезер. (ақша)
6 – бекет
Әңгіме шебері
Слайдта көрсетілген үлгі бойынша әңгімелерін талдау
7 – бекет
Ыбырай және қазіргі заман
Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұстас келіп отыр. Бұл екі мерекенің біздің еліміздің тарихында орны ерекше. Соған байланысты соңғы бекеттің тапсырмасы мынандай: XIX ғасырдың 2 - жартысында өмір сүрген Ы. Алтынсариннің қоғамдық қызметі мен шығармашылығына XXI ғасырда өмір сүріп отырған жастардың көзімен қарайықшы. Бүгінгі таңда Ыбырай еңбегінің қандай маңызы бар?
Бағалау
Бағалау парақшасы
Оқушының аты ---------
Егер сұраққа иә деп жауап берсеңіз (+) белгісін, жоқ деп жауап берсеңіз ( - ) белгісін қойыңыз.
Сұрақтар
1. Ыбырай шығармашылығы туралы кең мағлұмат алдыңыз ба?
2. Ыбырай өміріне қатысты даталарды толық білесіз бе?
3. Ыбырай өлеңдерін жатқа білесіз бе?
4. Ыбырайдың әңгімелерін білесіз бе?
5. Сатылай кешенді талдау жасай білесіз бе?
6. Алдын - ала ізденуге берілген сұрақтарға дайындалып келдіңіз бе?
7. Ыбырай шығармашылығын бүгінгі өмірмен байланыстыра аласыз ба?
8. Топтық жұмыста белсенділік таныттыңыз ба?
Кері байланыс: Сабақ бойынша ойыңызды білдіріңіз
Үйге тапсырма Ұлы ұстаз ізімен тақырыбына эссе
Атырау облысы,
№8 У. Атамбаев атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Бисекенова Бибигуль
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз атты үздік сабақтар бәйгесіне