Махаббаттың бұлбұлы, Жүр ғой сенен алыстап

Скачать

Қасым Аманжолов өлеңі
Түн ортасы ауғанда
Түн ортасы ауғанда
Отырсың, жігіт, нені ойлап?
Кімнің атын жазасың
Қайта - қайта шимайлап.
Махаббаттың бұлбұлы,
Жүр ғой сенен алыстап.
Ол естімес үніңді,
Шақырсаң да дауыстап.
Кетті ғой ол қайрылмай,
Жат жүрекке не амал!
Ұйықта, достым, қайғырмай,
Түсте көр де, – ләззат ал.
1938, Алматы
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау


Скачать


zharar.kz