Тақырыбы: Менің сүйікті спортшым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Тақырыбы байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді түрлі қолданыста орынды қолдана білу
дамытушылық – Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спортшылар жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.
тәрбиелік – Еліміздің атақты спортшыларын үлгі, өнеге ету. Балаларды спортты, еңбекті сүюге баулу.
Көрнекілігі: презентация, кестелер, суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөйлесу, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• кезекшінің рапорты
• сөйлеу минута
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
• Араб сауатты техника бойынша спорт туралы сөздерді ажыратамыз
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Презентация қосамын (спорт туралы)
2. – Балалар, қалай ойлайсыз, бүгін сабақтың тақырыбы қандай болады?
- Спорт туралы.
- Дұрыс, бүгін сабақтың тақырыбы Менің сүйікті спортшым
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай (бірге жұмыс істейміз)
- Спорт туралы қандай сөздер бастарына келеді? Кластер
Суретпен жұмыс
Ойды жалғастыр:
Ұлттық ойындарына.........................
Менің сүйікті спортшым...........................................
Мектебімізде мынадай спорт секциялары..................
Менің сүйікті спортшым туралы әр оқушы өз ақпаратын айтады
Менің сүйікті спортшым Ермахан Ибраимов. Ол шебер спортшы, 71 кг салмақты, бокстан бірнеше чемпион болған. Ол біздің мақтанышымыз.
Спорттың түрлерін атау
Жазғы спорт түрлері: -------- Қысқы спорт түрлері ---- Ұлттық ойындар
Велоспорт ---------------------- биатлон ---------------------- тоғызқұмалақ
Жеңіл атлетика --------------- шаңғы жарысы ------------- асық
Футбол -------------------------- шорт трек -------------------- ханталапай
Теннис -------------------------- хоккей ------------------------- қыз қуу
Жүзу ----------------------------- мәнерлеп сырғанау -------- бәйге
Мәліметтердің сәйкестігін анықта
1. велоспорт 1. қысқы ойын
2. жеңіл атлетика 2. жазғы ойын
3. хоккей 3. ұлттық ойын
4. тоғызқұмалақ 4. қысқы ойын
5. теннис 5. ұлттық ойын
6. бәйге 6. жазғы ойын
7. футбол 7. қысқы ойын
Адасқақ сөздері бар сөйлемдерді тауып, қатесіз құрастырыңдар.
1. Жазғы ойындарына хоккей жатады.
2. Шахматты он адам ойнайды.
3. Спорттың түрі көп емес.
4. Лондон олимпиадасында Қазақстан 12 орынға ие болды.
5. Олимпиада ойындарының ұраны —"тезірек, жоғарырақ, күштірек".
. Сөздік ойын
*Думай - ойла,
Играй -....
*Группа - топ,
Мяч -....
*Есть - бар,
Снег -....
*Мел - бор,
Сетка -....
*Пастух - бақташы,
Вратарь -....
Костанай облысы, Лисаков қаласы.
Темірбаева Зауреш