Натурал сандардың қасиеті

Скачать

Математика 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 5 санымен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру; Көбейту кестесін құру кезіндегі көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету; кері есептер құрастыру және шешу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау, шапшаң есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Өз білімдерін саналы түрде пайдалануға, алғырлыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын, топпен жұмыс.
Қолданылатын технология: Сатылай кешенді оқыту технологиясы.
Көрнекілік: кестелер.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
а) психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 3 мин
а) Өткенді пысықтау 5 мин
ІІІ. Көркем жазу және талдау 5 мин
ІҮ. Жаңа сабақ. 5 мин
а) Дәптермен жұмыс 10 мин
V. Сергіту сәті 1мин
б) Өзіндік жұмыс 5 мин
в) Оқулықпен жұмыс 5 мин
VІ. Қорытынды. 2 мин
VIІ. Бағалау. 1 мин
VIIІ. Үйге тапсырма. 1 мин

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын. Ізгі әрі нәзік жарықты мейірімді жүрегіме басып ұстай қаламын. Жып - жылы боп кетер сонда жан - жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 88 - беттегі №3 тапсырма. ( 4 оқушы оқиды. Әр оқушы өз дәптерін тексереді)
а) Өткенді пысықтау.
Күніміз ашық болсын (4 - тің көбейту кестесін ауызша есептеу) ойыны.
Мақсаты: Күн бетін жауып тұрған бұлттарды ашу. Яғни артындағы көбейту кестесін қайталау.

ІІІ. Көркем жазу. 5, 55 сандарын дәптерге жазады және осы сандарды сатылай кешенді талдау жасайды.
5 санын сатылай кешенді талдау
1. Анықтама. 5 натурал сан. Себебі, заттарды санағанда заттардың санын өрнектеуге қолданылатын сандарды натурал сандар дейміз.
2. Тану.
2. 1 Жазылуы. 5 деп жазылады.
2. 2 Оқылуы. 5 деп оқимыз. 5 бір таңбалы сан
2. 3 Мағынасы.
а) Бұл есептік сан. Себебі, заттардың сан мөлшерін өрнектейді Мысалы: 5 алма, 5 л сүт.
ә) Бұл реттік сан. Себебі заттардың ретін анықтайды. Мысалы: 5 - орындық, 5 - сурет.
3. Координаталық сәуледе кескіндеу.
Координата басы, бірлік кесіндісі, бағыты бар түзу сызықты координаталық сәуле дейміз. 0 санақ басы, 5 бірлік.
4. Қасиеті.
4. 1 Натурал сандар тізбегінің қасиеті.
а) басы болады; ә) реті болады; б) шексіз болады.
5 натурал сандар тізбегі емес. Себебі, реті жоқ, шексіз емес.
Натурал сандардың қасиеті.
1) 5 - тің өзі натурал сан.
2) 5 тің тіркес саны 6
5. Салыстыру.
5. 1 Координаталық сәуледе салыстыру.
а) а. Кем. Кем таңбасы 4. Себебі, координаталық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан үлкен болады.

5 5 санын сатылай кешенді талдау
1. Анықтама. 55 натурал сан. Себебі, заттарды санағанда заттардың санын өрнектеуге қолданылатын сандарды натурал сандар дейміз. 1 натурал сандардың бірлігі. Себебі, 55, елу бес бірден құралады.
2. Тану.
2. 1 Жазылуы. 55 деп жазылады.
2. 2 Оқылуы. 55 деп оқимыз. 55 екі таңбалы сан.
2. 3 Мағынасы.
а) Бұл есептік сан. Себебі, заттардың сан мөлшерін өрнектейді Мысалы: 55 орындық, 55 л сүт.
ә) Бұл реттік сан. Себебі заттардың ретін анықтайды. Мысалы: 55 - орындық, 55 - пәтер.
2. 4 Математикалық белгісі.
55 натурал сандарын N деп белгілейміз.
3. Координаталық сәуледе кескіндеу.
Координата басы, бірлік кесіндісі, бағыты бар түзу сызықты координаталық сәуле дейміз.
0 санақ басы, 55 бірлік.
4. Қасиеті.
4. 1 Натурал сандар тізбегінің қасиеті.
а) басы болады; ә) реті болады; б) шексіз болады.
55 натурал сандар тізбегі емес. Себебі, реті жоқ, шексіз емес.
4. 2 Натурал сандардың қасиеті.
1) 55 - тің өзі натурал сан.
2) 55 тің тіркес саны 56
5. Салыстыру.
5. 1 Координаталық сәуледе салыстыру.
а) а. Кем. Кем таңбасы 44. Себебі, координаталық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан үлкен болады.


Скачать


zharar.kz