Қазақ халқының әншілік дәстүрі

Скачать

Қазақ халқының әншілік дәстүрі. Етістіктің өткен, келер шақтары
Сабақтың мақсаты: Кәсіби қазақ тілін үйренуге икемді, дарынды балаларды дәріптеу.
Білімділік: Оқушылардың мемлекеттік тілді меңгергенін байқау,
оқушылардың сөздік қорын молайту, алған білімдерін бекіту, кәсіби тілдегі сөздерді меңгеру.
Дамытушылық: Әр түрлі ойындар арқылы оқушылардың ой – өрістерін дамыту, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру, өздігімен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік. Кәсіби қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды ұйымдасып еңбектенуге, әдептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: үнтаспа, қанатты сөздер. (слайдтар)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе бөлімі.
А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Ауыз – екі сөйлеу сатысы.
1. Өзін – өзі таныстыру.
2. Ән - күй аспаптары тақырыбына сергіту тапсырмалары, сөйлемдерді қазақ тіліне аудару.
• Домбыра – это древнейший казахский народный инструмент.
• Это самый любимый инструмент казахов.
• Она занимает особое место в казахской музыкальной культуре.
• Домбыра, в основном двух струнная, иногда бывает трех струнная.
• Қандай аспаптарда ойнай аласың? (жауап бер)
• Жұмбақ. Тиіп кетсең ән салған,
Даусына ел тамсанған. Бұл не?
Тағы қандай ұлттық көне аспапты білесіздер? (қобыз)
Қобыз туралы оқушылар білгендерін мазмұндап айтып береді. (Қорқыт ата есімімен байланыстыра шағын мәлімдеме айту)

IV. Жаңа тақырып. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1. Кім мына сөзжұмбақты шешсе, сол топ оқушылары Ең әдемі қазақ сөзін табады.
Мына сөздердің аудармасын тауып жазыңыз.
1. Настроение, древний, пример, жизнь.
Өнер туралы не айтуға болады? Әр топ өз ойларын жинақтайды.
Мысалы, мынадай сөйлемдер айтылуы мүмкін.
* Аспапта ойнау – бұл өнер.
• Ән сала білу – бұл өнер.
• Сурет сала білу – бұл өнер.
• Әртіс болу – бұл өнер.
Сонда біз өнер адамдарымыз деп айтуға құқығымыз бар. Себебі, біз Жеке ән салу , Фортепиано , Хорға дирижерлік ету бөлімдерінде оқимыз.

2. Құлақтан кіріп, бойды алар, -
Әсем әнмен тәтті күй , - деп ағаларымыз айтқандай, қазір ән тыңдап көрелік.
Р. Рымбаеваның орындауында Атамекен әні орындалады. Ән тыңдай отырып, әр топ өз сезімдерін суретке салу арқылы бейнелейді. Сол сурет бойынша сезімдерін әңгімелейді. Суретке салған сезімдерін, топтан бір адам ортаға шығып түсіндіреді.
Өлеңді тыңдай білу, оны түсіне білу, ондағы сезімдерді сурет арқылы көрсете білу де өнер.

3. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы .
Келесі саты – мәнерлеп оқу сатысы. (әр топтан екі адамнан оқиды)
1. Мәтін оқылады.
2. Оқушылар оқып болғаннан кейін, жаңа сөздерді теріп жазып аударады. Әр топ сөйлемдер құрастырады.
3. Мәтіннен өткен шақ жалғауы бар сөздерді тауып, жалғаулардың жалғану ережесін еске түсіру.
4. Келесі тапсырма (Өткен шақта етістіктерді жіктеу)
Әнші даусымен айту, аспапта ойнау, насихаттау. (тексеру)

V. Сабақты қорытындылау. Қазақ халқы өнер сүйгіш халық. Оның әнщілік дәстүрі ертеден қалыптасқан. Мысалы, екі жас, ішкі сезімдерін бір – біріне өлең жолдарымен білдірген, кейін сазгерлер оған ән жазған. Халық аузында, бірден – бірге тарап осы күнге дейін жеткен өлеңдер де бар. Мұның барлығы қазақ халқының әншілік дәстүрінің ертеден қалыптасып келгендігінің дәлелі деп айтсақ, қателеспейміз. Сол әншілік дәстүрді, мына біздер, ертеңді күнде жалғастырмақпыз.

VІ. Үй тапсырмасы. Мақал – мәтелдерді талдап, жаттау.
Топ жұмыстарын бағалау.

Петропавл қаласы,
Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі
дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат кешені
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж. Б. Ашимова


Скачать


zharar.kz