Адасқан бала әңгімесінде адасқан баланың аты кім

Скачать

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев Сынған аквариум
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденіске шақыра отырып, әдеби шығармашылық қабілеттерін ашу.
1. Білімділік: Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығын бүгінгі сабаққа тиек ете отырып, оқушылардың білімдерін одан әрі шыңдай түсіп, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды жан-жақты болуға, ақыл – ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жұмыстар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әділ – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, жауап кілттері, дананың кілттері, төрт қалпақ, ватман, түрлі - түсті сигналдар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп әлбетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

Үй тапсырмасын сұрау:
1. Карусель әдісі арқылы өткенді еске алу.
2. Құмырсқалар әңгімесінде Ләйлә қандай құмырсқаларға жақтасып жүрді?
3. Адасқан бала әңгімесінде адасқан баланың аты кім?
4. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?
5. Әскербек әтешін қалай құтқарып алды?
6. Мирас балмұздақ жеуден неге бас тартты?
7. Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірде болды?
8. Сатира дегеніміз не?
9. Мен таңдайтын мамандық өлеңінде қандай мамандықтардың аты аталады?
10. Үлек деп нені айтады?
11. Мүлікбай атаны сипаттап берші?
12. Есім мұғаліміне басында неге ашуланды?
Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.

Жаңа сабақ:
Адасқан әріптер ойыны
ныСнағ мкарваиу
Аквариум (лат. aquarium – суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр - түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл - мезгіл ауыстырылып тұрады.
Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев. Сынған аквариум. Ендеше Сансызбай Сарасқаев кім? - деген сұраққа мына слайдтан жауап іздеиік.
Сансызбай Сарғасқаев туралы ақпаратты тыңдау.
Мәтінмен жұмыс: ДЖИГСО - әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Оқушылар өздері оқиды. Топта талқылайды.
Сөздікпен жұмыс:
Шоршыған - қорыққан
Қаһарына – ашуына
Жайбарақат - асықпай
Топтар ауысады. Бір - біріне түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Балалар сергіту сәтін жасайды

Қорыту:
1 - топ: Дананың кілттері
1. Мәтіндегі кейіпкерлерді ата?
2. Мұғалім неге ашулы болды?
3. Шоқай Күлзағирамен неге дос болудан бас тартты?
4. Әңгіменің тәрбиелік мәні неде?
2 - топ: Төрт қалпақ әдісі
Егер де мен Күлзағира болсам, мен.....
Егер де мен Шоқай болсам, мен.....
Егер де мен Елікбай болсам, мен.....
Егер де мен Береке болсам, мен.....
3 - топ: Сипаттау
Кейіпкерлерге мінездеме бер:
Күлзағира
Шоқай
Елікбай
Береке
Қорытынды:
Стикерлерге оқушылар сабақта не түсінді, не ұнады және не түсініксіз болғаны жайлы жазады.
Бағалау:
Үйге тапсырма:
1. Мазмұнын айту.
2. Эссе жазу.

Мұғалім: Нургазина А. Ж.
Сансызбай Сарғасқаев Сынған аквариум жүктеу


Скачать


zharar.kz