Ақсақ киік

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: С. Сейфуллин өмір жолы мен шығармашылығына тереңірек түсінік беру.
Тәрбиелігі: Қоғам қайраткерінің өмірін ұмытпауға, елін, жерін сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушыны еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: С. Сейфуллин портреті, кітаптар жинағы, киік
түрлерінің суреті, киік жауларының суреті.

Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасы.
Жүз жасаған алып ақын Ж. Жабаев.

Ой шақыру стратегиясы. Тестпен жұмыс
1. Жамбыл кім?
а) жазушы
ә) ғалым
б) жыр алыбы
в) суретші

2. Ақынның ұстазы?
а) Бұқар жырау
ә) Шортанбай
б) Майлықожа
в) Сүйінбай

3. Ақынның шығармасын тап?
а) Қысқы жолда , Сағындым
ә) Далада , Өтеген батыр
б) Аттандыру , Атаның әлдиі
в) Өтеген батыр , Мен кім?

4. Айтысқа түскен ақынды көрсет.
а) Әлімқұл, Құлмамбет
ә) Сары, Шернияз
б) Әлімқұл, Майлықожа
в) Шашубай, Досқожа

5. Жамбылдың ақындық атағы кіммен айтысқаннан кейін шығады?
а) Әлімқұл
ә) Құлмамбет
б) Мұраталы
в) Қатаған

Ер есімі - ел есінде тақырыбына жазған эсселерін тыңдау.
III. Жаңа сабақ.
5 нәтиже
4 ойнап ойлау
3 жүйелі таныстық
2 терең таныстық
1 бастапқы таныстық
Олай болса, жаңа сабағымызды бастайық. Сабағымызды пирамида құру арқылы ой - өрісімізді оқудан үйренуге, ойнаудан - ойлауға, өсуден жетілуге бағыттаймыз.
Пирамида 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлімде бірігіп жұмыс жасаймыз. Тапсырманы дұрыс, нақты, тез орындасақ, келесі бөлімге өтіп, өрлеп отырамыз.
1. Бастапқы таныстық кезеңі.
а) бұл кезеңде ақынның өмірімен толығырақ танысамыз.
Хронологиялық кесте
1894ж Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстауында дүниеге келген
1905 - 1908ж Нілдідегі орыс - қазақ мектебінде оқиды.
1908 - 1910ж Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде
1910 - 1913ж Қалалық училищеде
1913 - 1916ж Омбы семинариясына қабылданады
1916ж Сілеті - Бұғылы ауылында мектеп ашып, мұғалімдік қызмет атқарды
1917ж Ақмолаға қоныс аударды. Асығып тез аттандық , Кел жігіттер өлеңдерін жазады.
1918ж 4 маусымда тұтқынға түсіп, Атаман Анненковтың азап вагонында қиындықтар кешеді.
1919ж 3 сәуірде қашып шығады.
1922ж Асау тұлпар өлеңдер жинағы шықты.
1926ж Гүлбаһрам Батырбекқызына үйленеді.
1930ж Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.
1937ж Жалған саяси жаламен тұтқындалып, 1938ж ату жазасына ұшырайды.

2. Терең таныстық кезеңі.
а) Бұл кезеңде Ақсақ киік өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын ашамыз.
Арқанын Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл ойлы - қырлы панасы бар
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.
1. Арқаның Бетпақ даласына географиялық карта арқылы түсіндіру.
2. Киіктің дене тұрқы 109 - 130см, салағы 25 - 40кг болады. Киік жүгіргенде жылдамдығы 70км сағ.
Киіктің төлі - құралай.
Оның мүйізі, терісі аса бағалы.
Осылай етіп, басқа да өлең шумақтарын талдаймыз
3. Жүйелі таныстық кезеңі.
Өлеңді құрылысына талдау.
1. Ақсақ киік
2. өлең
3. 9 шумақ
4. 36 тармақ
5. 3 бунақ
6. 11 - 12 буын
7. қара өлең ұйқасы
8. теңеу
Қап - қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
9. Бізге беймәлім сөздер:
Сегіз көштік - ұзындық өлшемі
Таңы - жануардың сұлу мүсіні
Қос - шатыр, күрке
Бетеге - шөп атауы
Киік - аталық жануар
Бөкен - аналық жануар
10. Өлең адамның табиғатқа деген қаталдығы, мейрімсіздігі.
4. Ойнап ойлау кезеңі.
Бес жолды өлең әдісі.
1. Киік
2. сұлу, құнды
3. мекендейді, жүгіреді, жаутаңдайды
4. Ақ бөкен - сахараның ботагөзі
5. жануар
5. нәтиже кезеңі.
Оқушылар осы тақырыпты жетік түсінсек Табиғатты қорғау - біздің парызымыз тақырыбына эссе жазайық.
VI. Сабақты қорытындылау.
1. Киік туралы жалпы мағлұмат
2. Киік мүйізінен не жасалады.
3. Адамдар киікті не үшін атады?

VII. Үйге тапсырма:
Ақсақ киік өлеңін мәнерлеп оқу, үзінді жаттау. Оқиғаға байланысты сурет салу.


Скачать


zharar.kz