Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдеріБіреу бай, біреу төре, біреу жарлы, Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды

Скачать

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы,
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсықтар семіріп жүр көміп арды.

Қайдан табам халықтың шын баласын,
Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп ұшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп әзірге сандаласың.

Ондай адам болған ғой, болар тағы,
Өмірлік барлық ісі — елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер әлі - ақ бір күн бақыт таңы.

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке


Скачать


zharar.kz