Ту тіккен Рақымжан.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Р. Қошқарбаев туралы мағлұмат беру, Ту тіккен Рақымжан мәтінімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін бекіту, мәтін бойынша жұмыс жасау, талдау жұмыстарын жүргізу.
2. Оқушылардың тілі мен білімін дамыту, сөздік қорын тіл байлығын арттыру. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Салыстыру белсенділігін қалыптастыру.
3. Оқушыларды батырлыққа, отанды қорғауға, сүюге, батыр болуға, жауапкершілікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Технология: дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, практикалық, өз бетінше жұмыс, сұрақ-жауап т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
*Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
*Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
*Үйге қандай тапсырма берілді?
*Ол мәтін кім туралы?
*Қажымұқан деген кім?
*Қажымұқанның бұл жолғы қарсыласы кім?
*Айқаста Қажымұқанның Нұрлыға пайдаланған әдісі қандай?
*Қажымұқанның ойы іске асты ма?
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№32 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Бисембаева Айгерім Курмангазиевна