Әрдайым көшеде жүру ережесін сақта

Скачать

Сабақ тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов. Адасқан бала

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру, оларды саналы түсінік, дұрыс оқуға машықтандыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Көркем сөздерді меңгерту, жаңа сөздер арқылы оқушылардың ой - өрістерін дамыту, тіл байлықтары мен сөздік қорларын толықтыру, таным қабілеттерін дамыту, шығармашылық қиялдарын жүйелеуге үйрету, өз ойларын тұжырымдауға, дәлелдеуге, түйіндей білуге, сараптай білуге жетелеу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы білім алуға, алған білімін өмірде қолдана білуге, қамқорлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой түйіндеу, рөлге бөліп оқу, деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, көшеде жүру ережесі, әдеп.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер, графопроектор, қима қағаздар, оқушылардың жетістіктері,
шығармашылық жұмыстарына арналған көрме.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біз көшеде жүру ережелерін білеміз бе? Біз оны қалай үйрендік?
- Көшеде жүру ережелері сабақтарында, көшеде жүру ережелеріне арналған он күндікте, Көшеде жүру ережелеріне арналған кітаптардан және отбасымызбен машинада қыдырғанда. Олай болса, балалар, біз бүгінгі сабағымызды көшеде жүру ережелерін қайталай отырып, жол белгілерінің тапсырмаларын орындаймыз. Бүгінгі сабағымыздың тағы бір ерекшелігі біз топқа бөлінеміз, топпен жұмыс жасаймыз. Енді әрбір топ өз тобының топ басшысын ақылдаса отырып сайласын. Дайын болсаңдар жинақталып, дайындалып алайық.

ІІ. Психологиялық дайындық.
Жылу алған талайлар
Алтын күнде арай бар.
Қонақ болып келген бізге,
Армысыздар апайлар.

Өсіріп, ой сананы,
Үйренеміз жаңаны.
Бүгін бізде кезектегі
Ана тілі сабағы.

ІІІ. Бірінші жол белгісі тапсырмасы.
Ассоциациялар қатары.
Графопроектордан тапсырмаларды оқу, жауап беру.
А 1. Үй жұмысына берілген әңгіме тақырыбы.
2. Арғынның атасының көңіл - күйі.
В 1. Арғынның өтініші.
2. Атасының жауабы.
С 1. Бүлдіргенге тойған бала.
2. Арғынның атасына тигізген қолғабысы.
Д. 1. Ауладағы әңгіме.
2. Әңгімеде сөз етілген салт - дәстүр.

ІV. Екінші жол белгісі тапсырмасы.
Мәтіннің негізгі ой идеясын, мазмұнын әңгімелеп, түйіндейік.(Әр топтан бір бала 2 - 3 сөйлемнен үй жұмысын қорытындылайды.)
V. Үшінші жол белгісі тапсырмасы.
Кіріспе – көпір кезеңі.
а) “Баланың тоқым қағар тойы” салт - дәстүрдің мәнін ашу.
ә) - Салт - дәстүрімізде баланың тәрбиесіне байланысты тағы қандай
тойларды білеміз.
-“Шілдехана”, “Бесік тойы”, “Тұсау кесер”, “Тілашар”, “Атқа мінгізу”, “Сүндет той”, “Тоқымқағар”.
- Дұрыс атасыңдар, балалар. Әрине, қазақ халқында тойлар көп. бірақ, баланың жас ерекшелігіне сай осы тойлар.

VІ. Ой ашар.
- Балалар, біздің өткен тақырыбымыз еліміздің болашағы, әрбір отбасының мақтанышы бала туралы болатын. Біз бүгінгі тақырыбымызда да бала туралы әңгімелейтін боламыз. Бүгін біз Қ. Жұмаділовтың Адасқан бала әңгімесімен танысатын боламыз. Дәптерлеріңді ашып, күннің жадын, сабақ тақырыбын жазыңдар.

Төртінші жол белгісі тапсырмасы.
а) Автор туралы мәлімет. (Балалардың жинаған мәліметтері.)
ә) Графопроектордан тірек сызбаны талдау.

VІІ. Мағынаны тану.
Бесінші жол белгісі тапсырмасы.
Мәтінмен жұмыс.
Графопроектордан көрсету.
а) Мәтінді іштей оқу.
ә) Мәтінді тізбектей оқу.
б) Мәтінге жоспар құру.
в) Мәтін бөлімдері бойынша әрбір топ мүшелері өз тобымен сөздік
жұмыс жүргізеді.
г) Мәтіннен диалогты тауып, рөлмен оқу.
Балалар, мәтіннің негізгі кейіпкерлері кім? Ол неше жаста? Сендер өз іні - қарындастарыңды қалай еркелетесіңдер?

VІІІ. Сергіту сәті: Поэзия минуты.
Сыныптастарымыз Омарова Жанардың және Сүлейменова Каринаның өздері шығарған өлең жолдарын тыңдай отырып, алдарыңдағы суреттерді құрастырыңдар.

ІХ. Алтыншы жол белгісі тапсырмасы.
І деңгей тапсырмалары. (Әр топқа тест сұрақтары таратылады.)
Топ басшылары тест тапсырмаларын алады.

А. 1. Халық ауыз әдебиеті түрлерін ата.
2. “... ақ киізге отырғызып көтеріп, ел басқарған сұлтандар әр жақтан дауыстай жамырап, оның даналығын, ақылгөйлігін, қолбасшылығын, ержүректігін айтып тауыса алмайды” деген үзіндіде кім туралы айтылған.
3. Монолог дегеніміз не?

В. 1. Берілген мәтін шығарманың қай түріне жатады және ол кімге қатысты екенін айт.
“... ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.”
2. Торғай өңірінде алғаш мектеп ашқан кім?
3. Қымыз туралы не білеміз?

С. 1. Төмендегі сөйлемдер мағынасына қарай қай топқа жатады?
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
2. Кейіптеу дегеніміз не? Мысал келтір.
3. “Тасбақаның шөбі” әңгімесінің авторы кім? Тасбақаның шөбі туралы қандай халық ырымын білесіз?

Д. 1. Қазақ қызының сұлулығы суреттелген шығарманы ата.
2. “Күш біріктіріп, патша өкіметіне қарсы соғысқа аттанамыз: өз жерімізде халықтың бостандығы жолында күресіп өлген артық” деген кімнің сөзі?
3. Қарабатырды құтқарған құсты ата.

Х. Жетінші жол белгісі тапсырмасы.
Графопроектордан көрсету.

ІІ деңгей тапсырмалары.
A. “Адасқан бала” мәтінінің басты кейіпкеріне мінездеме бер.
В. Жәнібектің жоғалуына кім кінәлі деп ойлайсың? Дәлелде.
С. Жәнібек көшеде жүру ережесін біле ме? Оған кім үйретеді?
Д. Жол полициясы қызметкерімен Жәнібектің арасында болған әңгімені сахналау.

ХІ. Сегізінші жол белгісі тапсырмасы.

ІІІ деңгей тапсырмалары.
A. Мәтіннің негізгі ойы, идеясы қандай?
В. “Ұқсайсың жас балаға” қандай көркемдегіш сөз?

С. Берілген сөйлемдерден басқа тілдерден енген сөздерді табыңыз.
Троллейбуста адам аз екен. Ақыры ол қалалық милицияға телефон соқты. Таяуда ипподромнан көргендей құлдыраңдап шапқылап, үйді айналып шықты. Жако сияқты екі - үш “атты” подъезге кіргізді. Сол оймен тротуарға түсті де, жүгіре жөнелді.
Фамилияң қалай? Неше рет қайталаса да сержант ештеңе түсінбеді. Ал, адресіңді айтшы.
- Бассейнге барып шомылайық, - деді Алеша деген көк көз сары бала.

Д. Бәріміздің кішкентай іні - қарындастарымыз, сіңлілеріміз бар. Олардың Жако сияқты қиыншылыққа тап болмауы үшін не істер едің? (Топтың мүшелері 1 сөйлеммен өз ойын айтады.)

Мұғалім: Сендер келешекте адамға, қоршаған ортаға зияны тимейтін қандай машиналар ойлап табар едіңдер?
Оқушылар: Бумен, ауамен, күннің көзімен, батареямен жүретін машиналарды ойлап табар едік.
Мұғалім: - Балалар, жарайсыңдар, жол белгілерінің тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар. Айтыңдаршы, жолда жүру ережелерін қадағалайтын, жол көлік оқиғаларын болдырмау үшін
ат салысатын мамандық иелерін білесіңдер ме?
Оқушылар: - Ия, жол полициясы қызметкерлері.
Мұғалім: - Ендеше, сол жол полициясы қызметкерлерінің өздеріне айтар әңгімесі бар екен. Соны тыңдайық.

Саламатсыңдар ма балалар!
Есіңде болсын!
Көше қауіпті оқиғаларға толы. Әрдайым көшеде жүру ережесін сақта. Өз достарыңа, іні - қарындастарыңа жол мен көше заңдарын үйрет. Себебі, үлкен де, кіші де, жаяу жүргінші де, жүргізуші де жол мен көше заңдарын жақсы білуі керек. Ал егер сен жол - көлік оқиғасына куә болған жағдайда ешқашанда саспа, үлкен адамдарды көмекке шақыр.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.
ХХІ ғасырда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосуға үлкен қадамдар жасалуда. Егемендігімізді алған 17 жыл ішінде Қазақстан экономикасы 117 орыннан 61 орынға алға жылжыды. Қазақстанда ТМД - дағы ең үздік үлгі танылған экономикалық реформа жүзеге асырылды. Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасап, алдыңғы 10 жыл мерзімінде әлемдегі бәсекеде барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылуды меже тұтып отыр.

Біз рухани ізгілікті, мәдени құндылықты жаңғырту мен қалыптастыруда, білім мен ғылымды дамытуда осындай жаңа саналы серпілістер жасауға тиіспіз. Онсыз дамыған қуатты мемлекет болу мүмкін емес. Сан мың ұрпақтың ортақ мұратын ту етіп, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дәл сондай дамыған, білімді, қуатты ел болуы керек. Қазақ халқы қай кезде де білім мен ғылымнан, мәдениеттен кенде болған емес. Оның мысалы ретінде мына көрмеде ұйымдастырылған өз сыныптас достарымыздың жұмыстарын атауға болады. Солай десек те әрбір дәуір безбенінің қояр өз талабы бар. Әлем таныған тәуелсіз мемлекет Қазақстанның болашағы кемел білім кенен ғылымда.
ХІІ. Бағалау.
ХІІІ. Үй жұмысы.


Скачать


zharar.kz