Кім тез

Скачать

"Менің Отаным - Қазақстан" тарихи - танымдық ойын.

Тақырыбы: Отаным менің - Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін толықтырып, таным белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін ояту.

Ойын барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен оқушылар!
Отаным менің - Қазақстан интеллектуалды ойынына қош келіпсіздер!
Алдымен, ойын шарттарымен таныстырайын.

Ойын 6 кезеңнен тұрады.
1. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”
2. “Самғау” Шарықтау
3. “Тұлғаны таны”
4. “Тарихи криптограмма”
5.“Кім тез”
6. Пікірталас

І кезең“Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” деп аталады. үш топқа сұрақтар беріледі. Әр дұрыс сұрақ І ұпаймен бағаланады
І топ Алғашқы адамдар
1 – Қазақстанда алғашқы адамдар қашан пайда болған. (Мұнан 1 млн. жыл бұрын)
2 – Алғашқы адамдар өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық құрылыс.(Алғашқы қауымдық құрылыс)
3 – Тарих ғылымында ежелгі тас ғасыры қалай аталады? (палеолит)
4 – Қазіргі адамдарға ұқсас адамдар қалай аталды? (Саналы адам, кроманьондық)
5 – Алғашқы адамдар табиғаттың дайын өнімдерін теріп, азық етті. Бұл кәсіп қалай аталды? (терімшілік)
6 – Алғашқы адамдардың даму сатысын ата. ( Епті адам , Тік жүретін адам , Саналы адам )
7 – (үшкір таяқ, тас кескіш, қырғыш, шапқы, т. б.)
8 – Тарихта қай дәуір ұзаққа созылды? (тас дәуір)

ІІ топ Қазақ хандығы
1 – Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465 - 1466 ж.)
3 – Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымын ата. (ауыл – ата - аймақ – ру – арыс – ұлыс – жүз – хандық)
12 – Ханталапай қандай дәстүр? (Хан сайлағанда малын бөліп алу дәстүрі)
14 – Жеті жарғы заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды? (Тәуке)
16 – Жоңғарларға соққы беріп, мемлекет ретінде тарих сахнасынан жойылуында үлес қосқан хан. (Абылай)
18 – Хан болып сайлану талаптары (шонжар - сұлтандар, Шыңғыс ұрпақтары)
20 – Қай ханның тұсында қазақ жері кеңейіп, қазақ мемлекеті өрледі? (Қасым)
23 – ХҮІ - ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығында мал бағудың қандай жүйесін пайдаланды? (қыстау, күздеу, жайлау, көктеу)

Ұлы Отан соғысы
1 – Фашистік Германияның КСРО - ға шабуыл жасау мақсаты қандай? (КСРО - ны бөлшектеп, өзіне бағындыру)
2 – Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай отар елдің құрамына кіруге тиіс болды. (Үлкен Түркістан)
3 – Ж. Жабаев Ленинградтықтарға арнап қандай жырын жазды? Қай жылы ( 1941ж Ленинградтық өренім жыры)
4 – Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандық аттанды?
(1 млн. 200 мың)
5 Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алған кім? Ж. Елеусізов.
6 – Каспий өңіріне соғыс жағдайы қай жылы енгізілді? 1942ж
7 – Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва деген жалын сөздер айтқан саяси жетекші? (Клочков)
8 – Ленинград үшін шайқаста кеудесін оққа төсеген қазақстандық батыр кім? (С. Баймағанбет)
9 – Неміс фашистері КСРО - ға неше бағытта шабуыл жасады? (3 бағытта)
10 Мәлік Ғабдуллинге қай шайқасқа қатысқаны үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды? Мәскеу үшін шайқас.


Скачать


zharar.kz