Қалтамызға толтырар, Сары құрттың дәмі бал

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Майын алмай,
Сықпа қып
Жасаған, еһ,
Құрт қандай?
Аузымыздан су ағып,
Жүйкемізді құртқандай.

Ши сөренің үстіне
Оны жайып қоятын.
Сездірместен ешкімге
Күн туар ма тоятын?

Үш – төрт бала келісіп,
Сол құрттарды аңдыр ек.
Сәті түссе бөлісіп,
Тамсанар ек дәмді - деп.

Құртты қашан жаярын,
Барлаушымын, білемін,
Қай мезгілде қоярын -
Бақылап та жүремін.

Әкел дейміз
Көп алып,
Нар тәуекел еткесін .
Ал мен кеттім -
Деп алып,
Теріс киіп кепкесін,

Тамға Айдар шығады,
Қарауылға мен тұрып,
Дәл мысықша бұғады,
Етпеттеп ол ентігіп.

Қалған бала бұқпалап,
Тосып тұрар бұрышта
Құртты алған соң тықпалап,
Бөлісеміз туыстай.

Қалтамызға толтырар,
Сары құрттың дәмі бал.
Қарауылға мен тұрар
Өзінше оның гәбі бар.

Амал,
Айла
Көп ебі,
Барлаушыңның - біріміз,
Біздің үй ғой, себебі,
Құрт ұрлайтын үйіміз.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz